Тәрбие сағаты
Шахабаева Бақытгүл Әділбекқызы, Бақытты отбасы — ел қуаты

Бақытты отбасы — ел қуаты

Мақала авторы: Шахабаева Бақытгүл Әділбекқызы
Жұмыс орны: Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Лауазымы: педагог-ұйымдастырушы-тәлімгер
Порталға жариялану мерзімі: 03.02.2017


Кураторлық сабақ жоспары

Кураторлық сағат

Тақырыбы:  «Бақытты отбасы-ел қуаты»

Мектеп:  Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Уақыты: 28.01.2017 ж. Куратордың аты-жөні: Шахабаева Б. Ә.
Сыныбы: 8 «H» Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Мақсаты : —          Бір-бірімен ынтымақтастықта жұптық, топтық байланысқа түсу арқылы жұмыс істеуге, кез келген жағдайда белгілі бір әрекетке бейім болуға және ойын ашық жеткізе білуге машықтандыру;

—          Отбасындағы бірлік пен татулықтың, шынайылық пен отбасылық дәстүрдің маңызын түсінуге ықпал ету.

Күтілетін нәтиже Тақырып аясында ой қозғай отырып, отбасының маңызын түсінеді.
Жиында қамтылатын білім беру құндылықтары
  • Құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Ашықтық;
  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.
Мәңгілік ел құндылықтары
  • Зайырлы қоғам мен асқақ рух;
  • Біздің қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім.
Ресурстар Интербелсенді тақта, бейнебаян, презентация, т.б.
Жоспар
Уақытты жоспарлау Сабақтың жүрісі  
   Жиынның

басы

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

27 минут

 

 

 

 

    Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен сәлемдесу;
  2. Балаларды түгендеу;

 

Сәлеметсіздер ме! Сіздерді кураторлық сағатта көргеніме қуаныштымын. Сіздердің көмегіңізбен бүгінгі сабағымыз жақсы өтетініне сенімдімін. Сабақты бастамас бұрын ән тыңдауды ұсынамын:

«Әрқашан күн сөнбесін» әнін тыңдау.

 

Ассоциация.

Бүгінгі біздің кураторлық сағатымыздың тақырыбы: «Бақытты отбасы –ел қуаты».

—          Сіздер осы пікірмен келісесіздер ме?

—          Отбасы сіз үшін қаншалықты маңызды?

Топқа бөлу.

3 топқа бөлініп, 3 отбасы құрады.

 

Топтық жұмыс.

Оқушыларға ватман, геометриялық фигуралар, фламастер және желім таратылады. Балалар өз жобаларын жасайды.

Көрсетіңіз:

  1. Егер отбасы үй болса, қандай үй болар еді? (суретін салыңыз)
  2. Егер отбасы геометриялық фигура болса, қандай фигура болар еді?
  3. Егер отбасы түс болса, қандай түс болар еді?
  4. Егер отбасы смайлик болса, қандай смайлик болар еді?

 

Балалар жобаны аяқтаған соң, өз отбасының отағасын сайлайды. Отағасы өз отбасының жобасын сынып алдында қорғайды.

 

Динамикалық сергіту сәті.

Ал, енді сергіту сәтіне уақыт берейік. Барлығымыз орындарымыздан тұрамыз. Қазір менің сөзіммен келісетіндер шапалақ ұрады, ал келіспейтіндер ештеңе істемейді.

—          Кім әке-шешесіне ұқсайды?

—          Кім әке-шешесі алыс сапарға кеткенде сағынады?

—          Кімнің отбасы спортпен шұғылданғанды?

—          Кім ата-анасынан құпия сақтамайды?

—          Кім ата-анасына үй қызметінде көмектеседі?

—          Кім өз отбасын бағалайды, сүйеді?

 

Әңгімелесу әдісі

Балалар, отбасыны бақытты, күшті ететін өзінің отбасылық дәстүрлері екені мәлім. Ал, енді сіздермен осы туралы әңгімелесейік. Сіздердің отбасыларыңызда қандай әдемі дәстүр бар?

(Балалар өз отбасындағы қалыптасқан дәстүр туралы айтады).

 

 
Жиынның соңы

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

Қорыту.

Балалар бақытты отбасы болу үшін адамда қандай қасиеттер болу керектігін стикерлерге жазып,  интербелсенді тақтадан бейнеленген ағаш тамырларына жапсырады.

«Ағаш тамырымен мықты» демекші, адам отбасымен, достарымен мықты. Әр адамның оны күтетін, махаббат сыйлайтын ең жылы, қымбат мекені –отбасы. Мен сіздердің отбасыларыңыздың ең бақытты, тату, бірлігі жарасқан болуына тілектеспін!

Бүгін үйлеріңізге барғанда өздеріңіздің туған-туыстарыңызды қатты құшақтап, оларды қаншалықты сүйетіндеріңізді айтыңыздар.

 

Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Бүгінгі сабақтан ……………. үйрендім.

Қазір менің көңіл-күйім……………….

Өзім туралы………………..

…………………отбасынан басталатынын ұқтым.

Келесі сабақта кездескенше, сау-саламат болыңыздар!

 

 

One Response

  1. Gulmira1171 10.02.2017

Join The Discussion