Ұстаз туралы жыр
Жайлаубаева Индира Жубаткановна, Бақытты ұстаз

Бақытты ұстаз

Мақала авторы: Жайлаубаева Индира Жубаткановна
Жұмыс орны: Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі
Лауазымы: педагогика және психология пәндерінің оқытушысы.
Порталға жариялану мерзімі: 30.05.2016


Кезкелген талапты оқушыны білімнің асқар биігіне шығаратын тек қана білімді ұстаз екендігі даусыз. Мұғалім ең алдымен оқушыларды сапалы біліммен қаруландырып қана қоймай қоғамдық өмірге де тәрбиелей отырып , олардың жүрегінен жол тауып өшпес із қалдырады. Сондықтан болар әр оқушының уақыт өте келе мақтанышпен еске алатын ұстазының болуы заңды құбылыс. Себебі ұстаздық ұлы іс.
«Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтын-сарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.Ол адалдық пен шыдамдылықты , тынымсыз ізденіс пен ептілікті , білімділік пен тәрбиелілікті қажет етеді. Сонда ғана ұстаз деген абыройлы атты иеленуге болады.Еліміздің әр түкпірінде ұстаздықты ұлы бақыт деп білер мұғалімдеріміз адал еңбек етуде. Соның бірі қаламыздағы №14 Д.М.Карбышев атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі , «Асыл сөз» мәнерлеп оқу үйірмесінің жетекшісі Жексембаева Рыскүл Дүзенқызы.
Мұғалім көп , шын ұстаз аз. Бұл тұрақты аксиома.Кейде мұғалімдердің кейбірін тумысынан ұстаздыққа бейімі бар ма деп қаласың, ал енді біреулерінің кәсібі ғана ұстаздық па деген ой келеді. Алғашқысын туа біткен дарынды ұстаз десек, соңғысын тіршіліктің қарекетімен жүре қалыптасқан ұстаз деп сипаттама беруге болады. Ал, Рыскүл Дүзенқызы өз мамандығына ерекше жауапкершілікпен қарай білетін нағыз ұстаз. Ол бала күннен мұғалім болуды армандады. Сондықтан да болар осы бір ұлы мамандыққа саналы ғұмырының отыз жылдан астам уақытын арнады.
Ең қызығы оның өмірдегі қолдаушысы да қорғаушысы да бола білген жан жары Мылтықбай да ұстаздық мамандықтың хас шебері.Ол Рыскүл апайымыз бен бірге бір мектепте жұмыс істейді. Қаламыздағы мерекелік шерулер мен әскери саладағы өзге де іс –шаралардың бел ортасында үнемі Мылтықбай ағай жүреді. Себебі, екеуі де бірге жұмыс десе десе жанын беретін қарапайым еңбек адамдары. Олар өз мамандықтарын мақтанышым деп санайды.
Ұлағатты ұстаз да ұстаз алдынан тәлім-тәрбие алып шығатыны заңдылық. Осы орайда Боэцидің мына бір сөзін келтіре кетсем:“Шәкірт болып жарытпаған адам, ұстаз болып та жарытпайды”.
Рыскүл апайымыздың өнегелі өмірінен айрықша орын алар тұлға оның ерекше сыйластықпен еске алатын ұстазы Әулиекөл ауданының Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте ұзақ жылдар бойы қызмет еткен физика пәнінің мұғалімі Сағындық Досым.Қаншама жылдар өтсе де жадынан еш уақытта шығармаған ұстазын бүгінде өз шәкірттеріне ерекше ілтипатпен үлгі тұтып айтып отырады.
Ұстаздық ұлы қызмет. Жігері мол, ұлтжанды Рыскүл Дүзенқызы қызметтен тыс бос уақыт бола қалса, қазақтың талантты ұлы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын ерекше сүйсініп оқиды. Оның намысты қайрайтын өлеңдерін өмірінің ұстанымына айналдырған.
Рыскүл апай тамаша талант иесі.Ол өз бойындағы әншілік қасиетті атасы Ағайсадан дарығанын мақтанышпен еске алады. Себебі атасы көне дастандарды жатқа айтатын дауылпаз жыршы болған екен.Рыскүл апайдың әншілік өнерін ең алғаш байқап , өнер әлеміне қызықтыра білген ұстазы Мырзахан Аққошқаров еді. Содан бері қаншама уақыт өтсе де Рыскүл апайымыз ән салуын қойған емес.Тіпті мектеп ұжымының көмегімен өзінің жеке концертін де берген. Республикалық өнер байқауларына қатысып жүлделі орындарға да ие болған.
Қыр гүліндей құлпырған қыздары Айнаш пен Әділетте өнерден құр алақан емес.Бірі қазақтың қара домбырасын , екіншісі фортепианоны жақсы меңгерген.
Рыскүл Дүзенқызы – аяулы ана, ардақты әже, шебер ұстаз, күміс көмей әнші , қамқор сынып жетекші.Тіпті сахна мәдениетін жетік меңгерген театр өнерінің білгірі десек артық айтқандық емес. Сөзіме дәлел мектептегі тәрбие жұмысының негізгі буыны ретінде «Ұшқын» драмалық театрының көркемдік жетекшісі болып талантты оқушылардың талабын ұштады.Болашақ таланттарды өнер әлеміне ғашық қылып, жеңістен жеңіске жетуге ерекше серпін берді.
Сонымен қатар Рыскүл апайымызды Мәңгілік елдің мәңгілік тілінің жанашыры деуге толық негіз бар .Қай кезде болмасын туған тілдің тағдыры оны ешқашан бей-жай қалдырған емес.Сондықтан да ол мемлекеттік тілдің құлашын кеңге жайып дамуына да өзіндік үлесін қосуда. Оған дәлел , оның шәкірттері қалалық және облыстық «Абай оқулары» байқауының жүлдегерлері. Атап айтар болсам, Борисенок О, Поляков М,Каримова Э,Амельков А Спиридонова В,Попенко т.б .Олар өзге ұлт өкілдері бола тұра қазақтың бас ақыны Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айта білсе, ұлы сазгердің әндерін нақышына келтіріп орындаулары өз Отанына деген ұлы махаббаттан туындаған. Ол өзінің шәкірттерін өз баласындай көріп олардың әрбіреуімен мақтанып масайрап отырады. Оның жүрегінен барлық оқушыларына орын табылады. Себебі Рыскүл Дүзенқызы үлкен жүректі, мейірімге толы ,ақжарқын адал жан.
Орыс ақыны В. Маяковский: «Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек»- ,деген екен. Рыскүл Жексембаева — үнемі тынымсыз ізденіс пен шығармашылықты жаны қалайтын ұстаздыққа риясыз берілген жан.Ол осы жылдар ішінде үздіксіз ізденісте болып, көптеген әр түрлі дәрежедегі байқауларға белсене қатысып жүлделі орындарға ие болып өз біліктілігін арттырып отырды.Сонымен қатар ғылыми танымдық мақалалары республикалық баспасөз беттерінен шығып тұрады.
Облыстық «Ұлы мәртебелі ұстаз» байқауының жеңімпазы Рыскүл Дүзенқызының ұстаздық жолдағы адал еңбегі еленіп оның есімі «Қазақстан Республикасының ең үздік мұғалімдері» энциклопедиясына ендірілген. Мұның өзі қарапайым ұстазға қандай да болмасын құрметтің артық емес екендігін топшылауға болады.
Өзінің ерекше өнерімен қала тұрғындарына да жақсы таныс Рыскүл апайымыз қалалық мерекелік шаралардың барлығына дерлік белсене қатысып өз өнерімен тәнті қылып келеді. «Еңбегіне қарай өнбегі демекші» қаланың мәдени өміріне белсене атсалысқаны үшін Қала әкімінің және қалалық тілдерді дамыту орталығының алғыс хаттарымен мараппаталған.
Орыстың көрнекті педагогі , даңқты ұстаз К.Д. Ушинскийдің: “Егер еңбекті таңдап алуда Сіздің жолыңыз болса және осы жолда өзіңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз” деген орамды ойы Рыскүл Дүзенқызына арналғандай. Себебі, ұстаздық жолға бар өмірін арнаған Рыскүл апайымыз да бақытты жан!

One Response

  1. Журнал редакторы 25.07.2016

Join The Discussion