Биология
Байзакова Рима Мұқтарқызы, Балықтар класын қорытындылау

Балықтар класын қорытындылау

Мақала авторы: Байзакова Рима Мұқтарқызы
Жұмыс орны: "№4 орта мектебі"мм
Лауазымы: Биология пәнінің мұғалімі (зертханашы)
Порталға жариялану мерзімі: 28.10.2016


Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№4 орта мектебі»мм Биология кабинетінің зертханашысы Байзакова Рима Мұқтарқызы Сабақтың тақырыбы:Балықтар класын қорытындылау Мақсаты: а)Білімділік:Оқушылардың балықтар класы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау. ә)Дамытушылық:Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту, мәтінмен жұмыс істей білу, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту. б)Тәрбиелілік: Оқушыларды өзбетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға,еңбектенуге,өзара білімдерін тексеріп бағалауға, жануарлар қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың типі:Білім тексеру сабағы Сабақтың түрі:Жарыс сабақ Әдістері: СТО технологиясы,демонстрациялау, тест Көрнекілігі: Проектор, тірек-сызбалар, кестелер, Cабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі 1.Командалық таныстыру ІІ.Ой қозғау (нені білеміз?) 1.Миға шабуыл (оқушыларға сұрақтар беріледі) 2.Тірек -сызбамен жұмыс ІІ.Ой қорыту 1.Тест сұрақтары 2.Биологиялық эстафета 3.Венн диаграммасы
Сергіту сәті. «Балық аулау» ойыны
ІІІ. Ой дамыту (шығармашылық жұмыс) 1.Тапқыр болсаң… Балықтардың қандай пайдасы бар?(Фишбон әдісі бойынша) 2.Рефлексия “екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша” 3.Бағалау.
І.Командалар өздерін таныстырады ІІ.Ой қозғау (нені білеміз?) І.Миға шабуыл І топқа: 1.Желілі жануарлардың омыртқалылар тип тармағы қалай аталады? 2.Омыртқалылардың неше класы бар? 3.Балықтардың өзі қандай кластарға бөлінеді? 4.Балықтардың тыныс алу мүшесі не? 5.Балықтар қайда тіршілік етеді? ІІ топқа 1.Акула қай класс өкілі? 2.Балықтар денесі қалай бөлінеді? 3.Омыртқалылар дене температурасына байланысты қалай бөлінеді?
4.Акуланың зәр шығаруы неден тұрады? 5.Сүйекті балықтардағы ерекше мүше?
Тірек -сызбамен жұмыс
Ихтиология Латимерия

Желбезек БАЛЫҚ Қуық

Өрістегіш балықтар Шоғал
ІІ.Ой қорыту Тест сұрақтары 1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы: а)мамология ә)герпетология б)ихтиология в)гельминтология 2.Желбезек саңылаулары 5-7 жұп болатын балықтар: а)сүйекті балық ә)шеміршекті балық б)шортан в) сазан 3.Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған: а)акула ә) скат б)аратұмсық в)аққайран 4.Қызыл кітапқа енгізілген сүйекті балық: а)Іле шармайы ә) Балқаш алабұғасы б) бекіре в)Еділ майшабағы
5.Балықтардың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады. а) судың жылылығы
ә) судың тұздылығы
б)су ағысының күшін, бағытын, тербелісін
в) судың қышқылдылығын
6.Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады.
а) жауынан қорғану ә) дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өту
б) жауынан жасырыну в) судың астына өту
7.Балық қайда көбейеді.
а)құрлықта ә)суда, құрлықта б)тек сулы ортада в)екеуіде емес
8.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар.
а) 20 мыңнан астам ә)10 мыңнан астам
б) 30 мыңнан астам в) 40 мыңнан астам
9.Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі.
а) бүйрек ә)несепағар б)қуық в)клоака
10. Балықтың көбеюі қандай сатылардан тұрады.
а) уылдырық-балық ә) уылдырық-дернәсіл
б) дернәсіл-балық в)уылдырық-дернәсіл шабақ
11.Тұқы тәріздестер отрядының өкілі
а)акула,сауытбалық ә)қаракөз, табан, ақмарқа
б) бекіре, албырт, қортпа в)құнысбалық, майшабақ,қылқа
12.Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.
А)жүрегі, қантамырлары ә)торсылдақ
б) өкпе,желбезек в) жұтқыншақ, өңеш
13.Қара уылдырық алынатын балықтар
а) албырт тәріздестер
ә)бекіре тәріздестер
б) майшабақ тәріздестер
в) саусаққанатты балықтар
14.Дене температурасы тұрақты жануарлар тобының атауы
а)қаны бар жануарлар
ә) салқынқанды жануарлар
б)жылықанды жануарлар
в) жылусүйгіш жануарлар
15.Ұрығының дамуында арнайы қабықтар түзілмейтін омыртқалылар тобы.
а)қағанақсыздар
ә)қағанақтылар
б) құстар
в)сүтқоректілер
Жауабы:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
Б Ә А В Б Ә Б А Б В Ә А Ә Б А

2.Биологиялық эстафета
Шеміршекті балықтар Сүйекті балықтар

1.Қортпа, шоқпілмай,пілмай,латимерия, бахтах. 2.Жұпбалық, тұтасбас, акула 3.Тоқ ішегі жуан әрі оның ішінде оралмалы қатпарлары бар. 4.Терісі ірі қабыршақтармен қапталған. 5.Терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған. 6.Желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар. 7.Желбезек саңылаулары тікелей сыртқа ашылады. 8.Тоқ ішегі мен аш ішегінің шекарасында ұсақ тұйық өскіндері бар. 9.Тұмсығы алға созылыңқы. 10.Торсылдағы болады. 11.Торсылдағы болмайды. 12.Клоакасы бар. 13.Аналь тесігі бар. 14.Іштей ұрықтанады. 15.Сырттай ұрықтанады. 16.Уылдырығының саны көп. 17.Уылдырығының саны аз.
3.Венн диаграммасын толтыру

Сергіту сәті: «Балық аулау»ойыны
ІІІ.Ой дамыту (шығармашылық жұмыс) Тапқыр болсаң…
І топ. Алабұға тобы
1)Балық іздесең көлге бар, ….
2) Балық … шіриді
3) Балық суында патша ….
4) Балық жеген … сұрамайды ІІ топ. Сазан тобы

1)Балықшы … алыстан таниды
2)Көлдің атын балық шығарады…
3) Өзен жағалағанның … Талмас
4)Шөл жағалап қонба,…
IV.Бағалау Рефлексия “Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша”
V.Үйге тапсырма: Егер мен ихтиолог болсам….
Эссе жазу.

One Response

  1. Журнал редакторы 28.10.2016

Join The Discussion