Бастауыш сынып, Әдістемелік қоржын
Шакирова Жансая Айтбаевна, БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мақала авторы: Шакирова Жансая Айтбаевна
Жұмыс орны: №3 Успен жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 17.12.2016


TIMSS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ  ЖӨНІНДЕГІ ЗЕРТЕЛУ АЯСЫНДА  БАСТАУЫШ  СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ  САУАТТЫЛЫҒЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

    

        Бастауыш сынып мұғалімі  Шакирова  Жансая  Айтбаевна

Ондаған жылдар бойы қолмен әдемілеп жазу әлемге ортақ ереже. Оқушыларға көркем жазуды үйрету арнайы пән болатын. Бірақ компьютер кең тараған сайын  көптеген елдер стандартты оқу жоспарынан көркем жазу пәнін алып тастап жатыр. Балаларға қолмен жазу  үйретудің маңызы ұшаң теңіз. Оларға қолмен жазған және қағазға белгі салып сызған ұнайды. Көркем жазу, сауатты жазу баланың әріпті қабылдап, тез меңгеруіне жақсы әсер етеді. Жазу арқылы бала әріпті есте сақтайды.

Қандай жұмыстың болмасынжақсы нәтмжеге жетуіне негіз болатын әр баланың мінез- құлқының тұрақтылығы. Оқудың алғашқы сатысында

Біркелкі көркем жазуға үйрету- оқушыны әдемілікке, сұлулыққа, ұқыптылыққа, тңығылықтыққа, еңбек сүйгіштікке баулиды. Әсіресе атап айту керек, жақсы ұйымдастырылған, жүйелі жүргізілген көркем жазу жұмысы- бала мінезін байсалды, салмақты, орнықты, табанды, ұстамды болатындай жақсы қасиеттерге ұштастырады. Жазудың әдемі болуы адамдармен қарым- қатынас жасауда да өзінің игі ықпалын тигізеді.

Жазу жұмысы – оқу мен тәрбиелеу процесінің аса күрделі салаларының бірі. Жазу жұмысына қолайлы әдіс, оқи білуге қолайлы болады, өйткені, оқу жаза білумен бірге жүретін іс. Жаза білу үшін дыбыстарды тани біліп, жазған әріптерді дыбысымен айта білу керек.

Алты жасар балалардың қолының бұлшық еттері иен саусақтары әлсіз, оралымдығы мен қимылының шапшаңдығы төмен, Сондықтан бірден әріптерді жазудан бастап балалардың беттерін қайтарып алмас үшін саусақ бұлшық еттерін дамытатын жазуға дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Бастапқы кезде ойын сияқты көрінгенімен кейіннен көптеген мақсатқа жетуге көмектесетін жұмыстың түрлері мынандай:

1)    Саз балшықтан бір оңай заттарды илетіп істету.

2)    Сурет салу.

3)    Қағаздан неше түрлі нәрсілер қию.

4)    Құрастыру жұмыстыры.

5)    Жіпке ұсақ маржандарды теріп тізгізу

Осы жаттығулардың бәрі балаларға үш жақтан өте маңызды:

біріншіден, жазу дағдыларын қалыптастырып, қолын жаттықтырып дамытады; екіншіден, әрқайсысының жасына лайық өзіндік көркемдік талғамын қалыптастырады және үшіншіден, физиологтардың дәлелдері бойынша дамыған икемді саусақтар бала шығармашылығының дамуына көп ықпал жасайды.

Бастауыш сыныпта бағдарлама ға сәйкес көрсетілген білім- білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында  графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіен ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес сөйлеуін және тану мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшімей , басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін  дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді.

Оқушылар жазу ережесінсақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі талаптар қойылады,  және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:

1)    Әріптерді дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызыңынан ауытқымау.

2)    Әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды- қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу.

3)    Әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріптерді бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу.

4)    Әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру, бірте- бірте жазу қарқынын тездете түсу.

Жазудың түрлеріне қарай оқушыға талап та түрліше. Фонетикалық жазу тілдің дыбыстық жағын дұрыс түсініп, дыбыс пен әріптің ара жігін ажырата білуді, соның негізінде дұрыс жазуды талап етеді. Морфологиялық жазу сөздің грамматикалық мағыныларын түсініп, сөз құрамын аңғаруды, түбір мен қосымшаның, күрделі сөздердің ережелерін түсініп, дұрыс жазуды талап етеді. Мұғалім тарапынан әрқашан жазуға қажетті, тиімді деген тәсілдерескертіледі. Олор оқушыға түсіндіріліп отырады:

1)    Жазу құралып пайдалана алу.

2)    Дәптерді дұрыс орналастыру және жазу кезінде оны жылжытып отыру.

3)    Сабақ кезінде дұрыс отыру.

4)    Жазу кезінде қолды жол бойымен дұрыс қозғай білу.

 

Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұрған міндет өте ауыр. Оқу жоспарына сай бағдардаманы меңгеру ғана емес, сауаттылы-қ мәселесін тиісінше шешу арқылы ғана өзінің ұстаздық борышын адал атқара алады деуге болады. Осы орайда мұғалімге көмекші болатын әдіс- тәсілдер сан алуан. Атап айтқанда:

1)    Түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор,

2)    Сөздікпен жұмыс істеу.

3)    Тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату.

4)    Сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіруге мән беру.

Орфография туралы  сөз қозғағанда мектеп шеңберінде ғана емес, үлкендер үшін қиындық тудыратын бір мәселе алдымыздан шығады.Ол «Ң» әріпінің еміленесіне байланысты. Менің ойымша, осы әріпті дұрыс айтып, дұрыс жазуды оқушы бастауынша игермесе, орта буынға келгенде игеріп кетуі екі талай. Ол туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жиі айтады. «Ң» әрпін меңгеру барысында орындалар жаттығулар аз емес. Ең бастысы , мұғалім бастауыш сынып оқушысы үшін орфографияны игеруде туындайтын проблемеларды дұрыс танып, содан шығатын жолды дер кезінде іздестіріп, шара қолданса ғана еңбегінің жемісін көрмек.

Қорыта келгенде:  бастауыш сынып мұгалімдері әр баланың мінез құлқын, ішкі қабілеттіліктеріні мүмкінділіктерін зерттеп жетік білумен бірге, оларға жоғары сенімділікпен, өзара түсініктікпен қарап, әрқайсысының бойындағы сәл көрінген қабілеттерін әрі қарай дұрыс бағытта дамыта білуі қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бала мен балабақша Алматы, 2013№6
  2. “Ұлағат” №1 2006
  3. Бастауыш мектеп Алматы, 2001№3
  4. Қазақстан мектебі Алматы, 2002№5
  5. Бастауыш сыныпта оқыту Алматы, 2011№1
  6. Қазақ тілі (дидактикалық материалдар) Алматыкітап 2010ж.Авторы: Ж. Қ. Балтабаева

 

Join The Discussion