Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Дабылова Мейрамкүл Толеуовна, «Драма» сабағының баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы маңыздылығы

«Драма» сабағының баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы маңыздылығы

Мақала авторы: Дабылова Мейрамкүл Толеуовна
Жұмыс орны: Жалпы білім беретін Н.К.Рупская атындағы негізгі орта мектебі
Лауазымы: Тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 14.11.2017


Қазіргі кезеңде білім беру жүйесі заман талабына сай үздіксіз дамып келеді. Сондықтанда мектепке дейінгі білім мекемелерінде биылғы жылы Жаңартылған Стандарт бойынша «Коммунникация» саласына драма сабағы енгізілді. Драма сабағы арқылы балалардың көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттыруға және шығарма желісін сахналау арқылы балалардың белсенділігін дамытуға болатынын көрсетті. Мектеп жасына дейінгі балалар ертегіні түсініп қана қоймай, оны рөлдерге бөлініп, ертегі қойылымдарын сахналауды үйреніп келеді. Балалар образға кіріп, оны сомдау кезінде өздерін сахнада тұрған кішкентай әртіс ретінде сезініп, бала көңілі шаттыққа толатынын байқап жүрмін. «Драма» сабағы әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, әр баланың көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.Қазақ өнер жұлдыздарының бірі театр майталманы Ш.Айманов «Театр- адамдарды туыстық қарым-қатынасқа тәрбиелейтін орта, сахна өнері-тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деп айтқандай балалар кішкентай кезінен сахнаны көріп, өздері түрлі ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы сахнаны танып біліп қана қоймай, образға кіріп ойнау арқылы сахна құдіретін сезінетінін өзім әдіскер ретінде бақылап жүрмін. Осы драма сабақтары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілі дамып, сөздік қорлары толығады, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады, дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады, театр өнеріне деген қызығушылықтары артатынын күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен байқап жүрмін. Біз балабақшада драма сабақтарындағы ертегілерді түстен кейінгі уақытта үйірме жұмыстарында ары қарай жалғастырып, ертегілерді, музыкалық қойылымдарды орта топ пен ересектер тобының тәрбиеленушілері арқылы сахналаймызМұндағы мақсатымыз: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту болып табылады.Сол арқылы балалардың тіл байлығын арттырып, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамытып, балаларды адамгершілікке тәрбиелейміз. Театрлық іс-әрекетте ертегілерді пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін дамытамыз, сонымен бірге көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттырып, ертегіні тыңдай білуге ,есте сақтауға, түсінуге, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білуге үйретеміз..Балабақшадағы балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, ертегі қойылым, жалпы сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын арттырамыз.Ертегі қойылымдарын үйірме жұмыстарында сахналауға үйрету кезеңдерінде балалардың ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз.Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда баланың жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін театрландырылған қойылымдар мен театрландырылған ойындардың пайдасы зор екенін тәжірибеден көріп отырмыз.Қай бала болмасын, әр нәрсеге құмар,қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Сондықтанда әр баланың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына театрландырылған ойындар арқылы да жетілдіруге болады.

Join The Discussion