Бастауыш сынып
Косжанова Меруерт Муслумхановна, Екібастұз

Екібастұз

Мақала авторы: Косжанова Меруерт Муслумхановна
Жұмыс орны: Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі
Лауазымы: Педагог
Порталға жариялану мерзімі: 01.02.2017


Сабақтың тақырыбы: Екібастұз
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Екібастұз туралы түсінік беру, өз ойларын ортаға салу және әр тақырыпқа екі жақты талдау жасап, оқушыларды пікір-таласқа қалыптастыру.Өз Отанын қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Өзіндік пікір айтуға үйрету, сөздік қорын байыту, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың нәтижесі:   Түйінді идеялар:  Мәтін мазмұнын түсініп, адам жасының ерекшеліктеріне мән бере отырып, айтылған ойға, үлкеннің сөзін тыңдай білуге,өзгелердің пікірімен санаса білуге үйрету. Отанына құрметтеуге  баулу. Өмірде  адал, батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі-тәсілдері: Топтық, жұптық.
Сыныбы: 2«А» сынып

Уақыт Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау Қолданыла-тын ресурстар
 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

5 минут

 

Кіріспе

Психологиялық дайындық.

Бүгіні біздің сабағымыздың ұраны:

Әр бір адам туысым, досым, жұрағат,

Әр бір сабақ үйрену, ұғу, ұлағат

Әр бір ісің тірлік, тірек, адамдық

Әр бір сөзің шындық, бірлік, адалдық.

Осындай жақсы көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Топқа бөліну:

Бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан ерекше, сондықтан мен сендерді топқа бөліп отырғызғым келеді.

1 — Топ: Алғырлар

2 — Топ: Зеректер

3 — Топ: Білгірлер

Енді осы өздеріңнің топтарыңнын ішінен лидер, баяндамашы,  уақыт сақшысы, бақылаушы,  хатшы болып тағайындап аласыңдар.

Үй тапсырмасын сұрау.  Мозайка әдісі:

Ақынның  « Алатау — тау атасы » дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Өлеңдегі тау сипаты дегенді қайталап оқы.

3.Рекорд дегенді қалай түсінесің?

«Алатау» тақпағынан ұнаған шумағыңды жаттап келу.

Ой тастау:

Жұмбақ

Аты оның екі, үш бастан құралады,

Ұят қой білмегенің бұл қаланы,

Ол берген көмір менен жылуменен

Сан қала өндірістер нұрланады.

/Екібастұз/

Қызығушылығын ояту:
Біз бүгінгі сабағымызда Екібастұз қаласына саяхатқа шығамыз. Ол үшін біз сендермен бейне фильм  көреміз.

Ал  енді біз Екібастұз қаласы туралы  қысқаша мағлұмат алдық.

Енді біз білімімізді ары қарай жалғастыру үшін оқулықтың 62- бетіне назар аударайық.
 Кітаппен жұмыс:

Мәтінді мәнерлеп оқып. Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау.

 

 

Балалар хормен айтады.

 

 

 

 

Балалар жылдам әрекеттер жасап топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

Балалар өз ойларын айтып өтеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Формативті бағалау.

 

 

Бүгінгі сабақта оқушылардың білімдерін бағалау үшін әр дұрыс жауапқа жұлдызшалар беріліп отырады, сабақтың соңында жұлдызшаларды есептеу арқылы  бағалаймыз.

 

 

 

 

 

Формативті бағалау.

 

 

 

Плакаттар, маркерлер,

Түрлі-түсті қағаздар.

АКТ қолдану

 

 

5 минут

 

 

 

5 минут

 

Танысты-рылым

 

Эксперт парағына жауап беру.

1.     Мәтін мазмұнында айтылған қара домалақ тастар не деп ойлайсыңдар?

2.     Қазақстанда тағы қандай көмір шығаратын жер туралы білесің?

3.     Екібастұз жерінде көмірдің табылуына кім немесе не себеп болды?

4.     Екібастұз Қазақстанның қай өңірінде орналасқан?

5.     Саудагерлер бұл жерге тұз қалдырмаса не болар еді?

6.     Аяқ астынан көмірдің табылуын үлкен оқиға не жаңалық деп есептеуге бола ма?

Дәптермен жұмыс.

Адырлы дала – төбелі  жерлер.

Шөпшек/ шөмшек/ -қураған бұта, шөптердің қалдығы

Сергіту сәті.

Интерактивті тақтадан көңілді музыка қойып, қимылдарды қайталау.

 

Балалар топпен бірлесіп әрекеттер жасайды.

 

 

 

Формативті бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

Негізгі бөлім

 

 

-Адам өміріне не қажет? Топтастыру

-Бұл біздің өмір сүруіміз үшін қажетті нәрселер. Дүниетанумен байланыстырар болсақ,адам өміріне қажетті нәрселер не? -Осылардың әрқайсысын біз қайдан аламыз?

-Ең алғашқы адамдар отты қалай тұтатқаны,отты қалай ойлап тапқаны туралы не білесің?  (Қысқаша мағлұмат беру)

-Жылуды неден аламыз?Мысалы: Күннен,шөп-шалам,сексеуіл,ағаш,тезек,газ,ток көздерінен,жанаржағармай жағу арқылы,таскөмірден)

-Осы аталған жылу түрлерін пайдалану ретін ең алғашқысынан бастап қалай орналастырар едің?

-Қайсысының жылуы қатты әрі ұзағырақ жанады деп ойлайсың?

-Таскөмірді қайдан алатынымыз туралы не білеміз? Қазақстан картасымен жұмыс.

-Картада таскөмірді қандай белгімен белгілейді?Картамен жұмыс жүргізу.

-Қазақстанның тағы қандай қалаларында көмір өндіреді екен?

-Көмір өндіретін орынды,өндіруші адамдарды кім деп атаймыз?

Оқушылар өзара алған білімдерін топта толықтырады, талдайды, қорытындылайды.

Жұппен жұмыс кезінде өздерінің білімдерін сынайды. Бір біріне сыни көзқараспен қарайды.

Жұптық жұмыс. 

Аяқ астынан көмірдің табылуын үлкен оқиға не жаңалық деп ойлайсың ба?
Жұптық жұмыс жасай отырып, өз-ара талдау.

 

Балалар жылдам арекеттер

жасайды.

 Бағалау критерий

 

Формативті бағалау.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

Қорытынды

Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.

Үйге тапсырма:  оқу, түсінігін айту.

Рефлексия: 

Не білдің?

Не үйрендің?

Не білгің келеді?

 

 

Бір оқушы барлық топтардан сұрақ қойып не түсінгендерін сұрап шығады.

Нақты жауап береді

 

 

Формативті бағалау.

 

Жиынтық бағалау.

Join The Discussion