Биология
Джунусбекова Алия Мирзахметовна, ЕКІНШІ РЕТ ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТЫҢ МИКРОФЛОРАСЫ

ЕКІНШІ РЕТ ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТЫҢ МИКРОФЛОРАСЫ

Мақала авторы: Джунусбекова Алия Мирзахметовна
Жұмыс орны: Кентау медицина колледжі
Лауазымы: Биология пәнінің оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 18.05.2016


ЕКІНШІ РЕТ ТҰЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТЫҢ МИКРОФЛОРАСЫ

ОҚО, Кентау қаласы

Кентау колледжінің оқытушысы Джунусбекова Алия

Ауыл шаруашылығында технологиялық қателіктерге байланысты топырақтар екінші рет тұзданып, топырақтың құнарлығы төмендейді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге екінші рет тұзданған топырақтың әр түрлі әсер етуі топырақ микроағзаларының ассоциясының өзгеруіне және олардың қатысатын биохимиялық процестерінің өзгеруіне әкеліп соғады. Төменгі сатыдағы өсімдікер топырақтың құрамындағы органикалық заттарды өсімдіктің сіңіруіне қолайлы жағдайына дейін жеткізеді. Олардың санының және белсенділігінің азаюы өсімдіктің қоректенуіне және топырақтың құнарлығының азаюына әкеледі. Екінші рет тұзданған топырақтың әсер етуі барысында миграциялық қабілетінің әлсізденуіне және төменгі сатыдағы өсімдіктер белсенділігі мен таралуының жоғары болатын қарашірік қабатында жинақталуы микробоценоздар үшін үлкен қауіп тудыруда.

Осыдан барып, бір бөлігі өсімдіктермен сіңірілсе, екіншісі жер асты суларына қосылады және желмен атмосфераға көтеріліп, ауаны ластайды. Нәтижесінде  өсімдік жамылғысы өте кедей болып, тау-кен өндіріс орындары ұзақ уақытқа шөл далаға айналуда. Сол себепті, микроағзалардың физиологиялық топтарының құрамын және таралуының техногенді ластанулардан өзгеруін, топырақ микробоценозының қызметінің өзгеруін анықтау біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болды.

Қазақстанның оңтүстік аймағы жағдайында екінші тұздан топырақта микробоценоздың әрекетін және ондағы микробиологиялық процестерді зерттеу мақсатында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы аумағында екінші тұздан топырақтар мен шаруа қожалықтарында эксперимент жүргізілді.

Эксперимент Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының топырақ биологиясы зертханасымен бірлесіп жүргізілді.

Зерттеу объектісі ретінде екінші тұздан топырақтар мен солардың жанында орналасқан топырақтар, төменгі сатыдағы өсімдіктердің суспензиясы, штаммдары алынды.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер топырақ түзілу процесінде айтарлықтай қызмет атқарады. Олардың санына қарап топырақтың құнарлылық дәрежесін анықтауға мүмкіндік бар. Осы процесте басты роль атқаратын бактериялардан басқа топырақ микроскоптың саңырауқұлақтарға, қарапайымдарға және балдырларға бай келеді және олар да топырақ құнарлығын құрауда белсене қатысады.

Қызлорда облысы Жаңақорған ауданында екінші рет тұзданған топырақтарында төменгі сатыдағы өсімдіктердің қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айлары бойынша таралуын зерттеп, төмендегідей нәтижелер алдық (1-кесте).

Қызылорда облысы Жаңақорғанг ауданында екінші рет тұзданған топырақтарының көлемі орасан зор. Ауданның егістік алқабының 67% тұзданған, ол жердің тұздары желдің әсерінен жан-жаққа ұшып, топырақтарды ластап, 5-20км  жерге дейін желмен тасымалданып, топырақтың құнарлы бетін жабуда.

Екінші рет тұзданған топырақтың бетіне ешқандай тұрақтандыру тәсілі жасалмаған. Қалыпты топырақ микроағзаларынан суспензиялар дайындалғанда, 1:1000, 1:10000, 1:100000 қатынаста сұйылтулар жасалса, біздің зерттеуіміздегі сұйылту 1:10 болды. Бұл көрсеткіштердің топырақтың құнарлығының төмендігімен экологиялық жағдайының төмендігін көрсетеді.

Сонымен қатар, Жаңақорған ауданында Жайылма кенашары маңындағы екінші рет тұзданған топырақтың микробиоценозын анықтағанда, мұнда төменгі сатыдағы өсімдіктер.

1-кесте. Екінші тұзданған топырақта төменгі сатыдағы өсімдік түрлерінің

таралуы (мың 1гр. топырақта, орта есеппен)

Микроағзалар қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр
Актиномицеттер 2,1 3,0 4,0 10,0 30,0
Бактериялар 8,2 12,1 18,5 47,9 106,2
Саңырауқұлақтар 0,10 0,20 0,25 0,45 1,54

Сырдария маңымен салыстырғанда бір шама белсенділігін көрсетеді (2-кесте). Жайылма кенашары маңындағы екінші рет тұзданған топырақтың микробтық қауымдастығы ғана емес, олардың химиялық құрамы да басты мәселе болып келеді.

2-кесте. Жайылма кенашары маңындағы екінші рет тұзданған топырақта төменгі сатыдағы өсімдік түрлерінің таралуы (мың 1гр.г топырақта, орта есеппен)

Микроағзалар қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр
Актиномицеттер 4,2 4,7 5,7 15,0 37,0
Бактериялар 13,3 18,7 42,4 98,4 134,2
Саңырауқұлақтар 0,18 0,25 0,43 0,80 2,25

Төмендегі сатыдағы өсімдіктер әр түрлі тұздардаға сезімтал келгендіктен, өздерінің қатысатын биохимиялық процестердің жүру қарқындылығы да өзгереді. Олар топырақ құрамындағы қоректік заттарды өсімдіктердің сіңіруіне қолайлы жағдайлар  жасайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктің таралуы мен белсенділігінің азаюы, өсімдіктердің қоректенуінің бұзылуына және өнімнің сапасы мен құрамына кері әсерін тигізеді.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер топырақ түзілу процесінде айтарлықтай қызмет атқарады. Олардың санына қарап топырақтың құнарлылық дәрежесін анықтауға мүмкіндік бар. Осы процесте басты роль атқаратын бактериялардан басқа топырақ микроскоптың саңырауқұлақтарға, қарапайымдарға және балдырларға бай келеді және олар да топырақ құнарлылығын құрауда белсене қатысады.

Екінші рет тұзданған топырақтағы топырақ микрофлорасы туралы тұжырымдар әр түрлі және аз  зерттелген. Кейбір ғалымдар аз мөлшердегі хлор тұздар топырақтың биологиялық белсенділігіне кері әсерін тигізбейді десе, кейбір зерттеушілер бұл жағдайдың өзіндіде де топырақтың микробиологиялық процесін тежеледі – деп есептейді.

Қазақстанда екінші рет тұзданған топырақтағы микробиологиялық  процестерді зерттеуге көңіл бөлінгенімен, төменгі сатыдағы өсімдіктердің екінші рет тұзданған топырақтың биологиялық белсенділігіне әсері зерттелмеген.

Сондықтан, біздер төменгі сатыдағы өсімдіктерден суспензия мен штамм алып, олардың топырақтың тұздану деңгейі әр түрлі жағдайда оның биологиялық белсенділігіне әсерін зерттедік.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында күріш шаруашылығын жүргізу жұмыстарының нәтижесінде техногенді ластанған биохимиялық аймақ пайда болды. Бұл аймақта сульфитті-хлорлы тұздардың мөлшері шектік рұқсат концентрациядан өте көп мөлшерде жоғары. Көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша «Жайылма» өндірістік кооперативінің егістік алқаптарындағы және «Келінтөбе», «Қаратау» елді мекендеріндегі топырақтар сульфиті-хлорлы тұздармен ластанғаны байқалды. Сульфиті-хлорлы тұздардың жинақталуы топырақтың токсигендік потенциалын жоғарлатып, оның құнарлығын төмендететіні белгілі [1]. Осы проблемалардың басқа аймаққа қарағанда жоғары болуы топырақтың микроқұрылымы біркелкі болмай топырақтағы микробиологиялық процестің тежелуінен деп ойлаймыз [2]. Сондықтан, біздің зерттеулерімізде топырақтың тұздану дәрежесіне қарай топырақтың биологиялық белсенділігінің өзгеруіне бактериялық суспензия  мен штаммның әсерін анықтау мақсатында «Жайылма» өндірістік кооперативінің егістік алқаптарында далалық-зертханалық тәжірибе жұмысын жүргіздік. 3-кестеде топырақтың тұздану деңгейіне байланысты төменгі сатыдағы өсімдіктің топырақ микрофлорасына әсері бір келкі еместігін байқауға болады.

3-кесте.Топырақтың тұздану деңгейіне байланысты төменгі сатыдағы өсімдіктің топырақ микрофлорасына әсері

Тәжірибе нұсқалары Топырақтың ластану деңгейі 1 гр. топырақта микроағзалардың саны, млн.
ЕПА

Бактерияның жалпы саны

Актиноми-цеттер Ашытқы саңырау-құлақтар Споралы бактериялар
Бақылау

(өңделмеген)

жоғары 7,6 7,3 0,23 0,019
төмен 10,5 9,5 0,31 0,022
Жасыл балдыр суспензиясымен өңделген жоғары 8,2 7,3 0,27 0,020
төмен 11,4 10,8 0,35 0,038
Азотобактер

штаммен өңделген

жоғары 8,3 7,2 0,24 0,025
төмен 11,9 10,1 0,33 0,041

Біздің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде екінші рет тұзданған топырақты суспензия және штаммдармен өңдегенде топырақтың микрофлорасының саны мен биохимиялық белсенділігіне жағымды әсер ететіндігі байқалады (3-кесте).

Топырақтың тұздану деңгейі жоғары болсада өңделген нұсқада, бақылауға қарағанда жалпы бактерия саны 7,89%-9.21%  жоғары болды. Ал, актиномицеттер саны бойынша  өзгерістер байқалмады. Бактерияның жалпы споралы бактерия саны топырақты азотобактер штаммы мен өңделгенде жоғары болғанымен, актиномицеттер және ашытқы саңырауқұлақтар саны балдырлардың суспензиясымен өңдегенде азотобактер  штаммына қарағанда жоғары болды.

Сонымен қорыта айтқанда:

  1. Екінші рет тұзданған топырақта төменгі сатыдағы өсімдіктердің таралуы сульфитті хлорлы тұздардың мөлшеріне байланысты болды.
  2. «Жайылма» өндірістік кооперативінің егістік алқабы маңындағы топырақтың микробиоценозын анықтағанда, мұнда төменгі сатыдағы өсімдіктер Сырдария өзенінің маңымен салыстырғанда бір шама белсенділігін көрсетеді дегенмен бұл көрсеткіштер Жаңақорған ауданының экологиялық ахуалының жақсы екендігін көрсете алмайды.
  3. Біздің зертеу жұмысымыздың нәтижесі көрсеткендей азотобактер тұздану деңгейі экологиялық қауіпті жағдайдың өзінде өзінің белсенділігін жоғалтпайтындығы анықталды.
  4. Екінші рет тұзданған топырақты суспензия және штаммдармен өңдегенде топырақтың микрофлорасының саны мен биохимиялық белсенділігі жоғарлайды.
  5. Топырақтың тұздану деңгейі жоғары болса да өңделген нұсқада, бақылауға қарағанда жалпы бактерия саны 7,89%-9.21% жоғары болды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мишустин Е.Н. Клубеньковые бактерий и инолуяционной процесс. Москва: Наука,1973, с.65-83

2.Черников И.И. Биологический азот как источник белка и удобрений. Изд.АН СССР серия биология, 1979г.

Join The Discussion