Физика
Сидагалиев Кайсар Жалгасович, Импульс және импульстің сақталу заңы

Импульс және импульстің сақталу заңы

Мақала авторы: Сидагалиев Кайсар Жалгасович
Жұмыс орны: Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,Алғабас ОЖББ мектебі
Лауазымы: Физика пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 06.07.2016


Сабақ тақырыбы:       Импульс және импульстің сақталу заңы
Мақсаты: Оқушыларға  дене және күш импульсі, тұйық жүйе мен импульстің сақталу заңын үйрете отырып білім және білік  дағдыларын қалыптастыру
Күтілетін нәтиже: А. Дене және күш импульсі, тұйық жүйе мен импульстің сақталу заңы туралы түсінік  қалыптастырады;  .
В. Дене және күш импульсі, тұйық жүйе мен импульстің сақталу заңның физикалық мағынасын аша алады. Формуланы қолдана біледі.
С. Дене және күш импульсі, тұйық жүйе мен импульстің сақталу заңын практикадағы қолданыстарын біледі.Есептерді формуламен шығара алады
Керекті жабдықтар:  маркер, карандаш, интерактивті тақта, қаламсап,  стикер, компьютер

САБАҚ БАРЫСЫ:

І-БӨЛІМ. КІРІСПЕ

— оқушылармен амандасу;

 -сыныпты түгендеу;

Тренинг: Жұп бойынша қаламмен массаж. Жұп бойынша топқа бөлінді.

Мысал   ұсыну: массасы әр түрлі 2-оқушыны қатар жүргізіп, импульске байланысты проблемалық сұрақ қою :    Неге импульс әр түрлі?

-Видео мультфильм үзіндісі «Қап,бәлем!» Қасқырдың импульске байланысты сұрақ:

Қасқыр неге Бегемотқа тапалып қалды?

ІІ-БӨЛІМ. Тұсаукесер

Маршруттық карта мен танысу.

ІІІ-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Табыс критериясін ұсыну.  

Дискриптор
1 1-ші креативті матрицаны жартылай толтырдым 0,5
2 1-ші креативті матрицаны толық толтырдым 1
3 2-ші креативті матрицаны жартылай толтырдым 0,5
4 2-ші креативті матрицаны толық толтырдым 1
5 3-ші креативті матрицаны жартылай толтырдым 0,5
6 3-ші креативті матрицаны толық толтырдым 1
7 1-ші есепті шығардым 0,5
8 2-ші есепті жартылай шығардым 0,5
9 2-ші есепті толық шығардым 1
10 3-ші есепті жартылай шығардым 1
11 3-ші есепті толық шығардым 1,5
12 «Қимыл» ойынында роль ойнадым 1
 

 

 

3-4 ұпай     —   «3»

4,5-5 ұпай     —   «4»

5-5,5 ұпай     —   «5»

1)Креативті матрицаларды (1,2,3) тарату алдында олардың өздеріне тән арналған видео материалдармен танысып кетеді. Ойлан.Жұптас .Бөліс. Содан кейін  “Қар үйіндісі” бойынша әзірленуге ұсыныс тастаймын.

1-ші креативті матрицаны толтыру.

Креативті матрица 1 Олар қайдан, қалай және неден пайда болды? Олардың СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі туралы не айтасыз? Олардың арасында байланыс бар ма? Ол туралы не айтасыз? Мысалды қалай  тұжырымдай аласыз?
1 Дене импульсі  

 

2 Күш импульсі  

 

2)2-ші креативті матрицамен таныспас бұрын, Видео мультфильм үзіндісі арқылы тұйық жүйемен танысу .

 

2-ші креативті матрицаны толтыру.

Креативті матрица 2 Бұлай аталу себебі неліктен? Екеуінің өзара байланысын жазыңыз?
1 Тұйық жүйе  

 

 

 

2 Импульстің сқталу заңы  

 

 

 

3-ші креативті матрицамен таныспас бұрын, Видео мультфильм үзіндісі арқылы серпімді және серпімсіз соқтығысулармен танысу .

3)3-ші креативті матрицаны толтыру.

Креативті матрица 3 Жылдамдығының бағыты Массасының жағдайы
1 Серпімді  

 

 

 

2 Серпімсіз

4)Есептерді әр топқа,өз деңгейіне қарап ортасына ұсыну.Әр оқушы деңгейіне қарап есептерді шығарады.

1.Массасы 2 кг дене 3 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Дененің импульсі неге тең?

2.Массасы 10 кг дененің импульсі 50 кг м/с болғандағы  дененің жылдамдығын табыңдар

3.Дене 10 с бойы 5 Н күш әсер етеді. Күш импульсін табыңдар.

4.Қозғалмайтын арбашаның массасы 100 кг.Массасы 50 кг жүгіріп келе жатқан адам жылдамдығы 6 м/с жылдамдықпен секіріп мінеді.Сонда арбашанының жылдамдығы кандай

1.Есептерді өз деңгейімен шығару1.Массасы 60 кг адамның 0,1м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқандағы импульсі қандай?

2.Массасы 5 кг дененің импульсі 50 кг м/с болғандағы  дененің жылдамдығын табыңдар

3.Денеге 10 Н күш 2с бойы әсер етеді. Күш импульсін табыңдар

4.Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен  жүгіріп келе жатып,2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстінде қарғып мінді.Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

 5)«Қимыл» ойынында  көрініс қою

Оқушылар соқтығысулардың серпімді және серпімсізіне байланысты көрініс қойылымдарын көрсетілді.

Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін кері байланыс рефлексия парағын толтыру арқылы көрсетеді. Оқушылар табыс критериилеріне байланысты  өзара бағалауына түсініктеме берді

Рефлекция

Join The Discussion