Тарих
Нуртаева Айнаш Аленовна, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру

Мақала авторы: Нуртаева Айнаш Аленовна
Жұмыс орны: Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебі
Лауазымы: Тарих пәні мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 30.03.2016


Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі: Нуртаева Айнаш Аленовна
11класс Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақтың мақсаты:
1. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның ауыл шаруашылығында
қалыптасқан жағдай туралы ,тың және тыңайған жерлерді игеру, тың
игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық салдары
туралы түсінік беру;
2.Оқушы санасындағы отаншылдық қасиеттерді оята отырып, Қазақстанның ХХ
ғасыр бойындағы ауыл шаруашылығының дамуын көрсету;
3.Оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи
өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізер әсерімен таныстыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Семей полигоны туралы не білеміз? (Оқушылар көзқарастарын айтқызу)
2.Байқоңыр ғарыш айлағының ғылымның дамуына әсері туралы жазып келу
І. Жаңа сабақтың жоспары: Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да 1954 – 1960 ж. жүргізілген экономикалық саясат, науқан.
КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты.
1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады.
1954 жылы 23 ақпан — 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумында «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Астық мәселесін шешудің екі бағыты болды:
 интенсивтік бағыт — экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу.
 экстенсивтік бағыт — яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы.
Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады.
Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.
1. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдай .
-1946-1950жж-егістік жердің әр гектарынаналынған өнім орта есеппен 5-6 ц. болды.
-1949 ж. мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды.
-Тың жерлерді игеруге жаппай кірісу -1954 ж.
— Басты міндеті: Халықты астықпен қамтамасыз ету және еліміздің астық бағасын тұрақтандыру
2.Картамен жұмыс — Тың игеру аумағы

3. Тың игерудің нәтижелері мен салдарлары:
 Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды.
 Қазақстанда 1954 жылв — 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%.
 1955 жылы жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды.
 Одақ бойынша барлығы 42 миллион тың жер игерілсе, соның 25 миллион гектар жер Қазақстанда игерілген болатын.
 1956 жылы республика 16 млн т астық жинады
 Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды
 1954-1959 жж- Тың игеруге -20 млрд. сом қаражат жұмсалды,
 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді.
 1940-1950жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды
 Қала халқының үлесі 1939ж 28%-дан 1959 жылы 44%-ға дейін артты.
 1959 жылы қазақтың саны 2млн 700 мың болды., 29%; республика тұрғындары 9 млн 295 мың адамға жетті
 тың игерілген кезде Қазақстанның 5 облысында 200-ден астам ауылдық және село аттары орыс тілінде қайта өзгерді. .
 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады.
 Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды
 Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды.
4. Тың игерушілерге көмек
Еңбекшілерге, келіп жатқан тың игерушілерге елеулі жеңілдіктер көрсету, сондай-ақ өндірістік жоспарды орындаған совхоз жұмысшыларына және олардың еңбек сіңірген жылдары үшін елеулі сыйақылар беру арқылы тың игеруге қолдау көрсетілді.
Тың игерушілер қоныстану орнына жеке мүлкімен тегін көшіп келді, отағасына бір жолғы берілетін ақшалай жәрдем келемі 500-1000, ал отбасының әр мүшесіне берілетін жәрдем келемі 150-200 сом болды, үй салуға 10 жылға 10 мың сом несие берілді (оның 35%-ын мемлекет ез мойнына алды), мал алуға 1500-2000 сом көлемінде несие берілді, 1,5 центнер астық немесе үн түріндегі азық-түлік қарызы беріліп, тың игерушілер ауыл шаруашылығы салығынан 2-5 жылға босатылды.
5. Оқушыларға тапсырма: Өзіндік жұмыс Тың игеру
Тың игерудің жағымды жақтары Тың игерудің жағымсыз жақтары

5)Жетістіктер:
Қала саны өсті.
Халықтың өсуі артты.
Халықтар ынтымағы артты.
Астық өндіру жолға қойылды.
Совхоздар көбейді.
Қазақстан КСРО-ның астықты аймағына айналды.
Қазақстан көп ұлтты республика болды.
Жаңа елді мекендер көбейді.
Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті.
6)Кемшіліктер:
Ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді.
Қазақ мектептері жабылды.
Қазақ тілінде баспасөз жабылды.
Демографиялық тілдік ахуал өзгерді.
Жер-су аттары орысшаланды.
Тың игеру экстенсивті тәсілмен жүргізілді.
Экологиялық жағдай ауырлады.
Мал шаруашылығы төмендеді.
Қазақстан жерін бөлшектеуге тырысты.
Мал шаруашылығының жайы (бағытталған оқыту) талқылау. Мал санының азаю себептерін анықтау (Мал саны-39 млн) Жазылбек Қуанышбаев, С. Ашапов
Теміртаудағы оқиға-1959 ж Теміртаудағы металлургия комбинаты-«Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыс» деп жарияланды
ІҮ.Сабақты бекіту:
— Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдай туралы айтыңдар?
-Тың игеру қай жылдан басталды?
-Тың игеру жылдарында жайылымдық жерлердің көп бөлігін жыртудың салдары?
-Тың игерудің нәтижелері қандай болды?
-Тың игеру жылдары Қазақстанға көшіп келгендер саны?
-Эрозия дегеніміз не?
-Аграрлық дағдарыс дегенді қалай түсінесіңдер?
-Тың игеру жүргізілген облыстарды ата?
ІҮ.Бағалау:
Ү. Үйге тапсырма: § Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру. Кесте толтыру

Қазақстанда игерілген жер көлемі
Тың игеруде Қазақстанға көшіп келген адам саны Тың жерлерді тез арада игеру идеясын қолдамаған республика басшылары

Join The Discussion