Биология
Джунусбекова Алия Мирзахметовна, КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӨҢІРІНДЕГІ МҮКТЕРДІ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ БИОИНДИКАТОРЛАРЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ ӨҢІРІНДЕГІ МҮКТЕРДІ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ БИОИНДИКАТОРЛАРЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

Мақала авторы: Джунусбекова Алия Мирзахметовна
Жұмыс орны: Кентау медицина колледжі
Лауазымы: Биология пәнінің оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 02.02.2016


әр түрлі субстраттарда: топырақта, суда, су жағалауында, тасты алқаптарда, шіріген ағаштарда және қалдықтарда тіршілік етеді, сонымен сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді болып келеді.

Табиғатта ауыр металдардың, улы газдардың және радионуклеидтер қалдықтарының таралуы Республиканың ірі өндірістерінде және орталықтарында, ірі кәсіпорындар орналасқан жерлерде байқалады, қазіргі кезде оның мөлшері 70,4% құрайды. Ауыр металдар, улы газдар үлкен арақашықтарға ауа арқылы жеткізіледі де, өсімдіктермен сорбцияланады. Негізгі ластағыш көздердің ішінде — транспорттық, өнеркәсіптік, коммуналдық, сонымен қатар ауыл шаруашылығында пайдаланылатын ұлы пестицидтер мен гербицидтер.

Қазақстандағы химия және металлургия салалары бойынша негізгі кәсіпорындар-Өскемен, Лениногорск, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларында орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның ластану деңгейі, жүйелі түрде жоғары болу тенденциясы байқалады және негізгі ластағыш заттар қауіптілігі жоғары класқа жатады. Ластауыш заттар шаң тозаңмен бірге ауа массаларымен үлкен арақашықтарға таралады.

Соңғы кездері, қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтар мен тастанды заттар мөлшері төмендеп отыр, мысалы Кентау қаласындағы өндірістік және кенбайыту зауыттары тоқтағаннан кейін біршама азайды. Ол негізінен, өндіріс қарқынының төмендеуіне әкеліп соқты және аздап болса да табиғат қорғау шараларын іске асырғаннан кейін байқалады. Кентау қаласында кейбір кәсіп орындар көп жылдан бері тоқталып қалған, бірақ мүктер көп жылдық өсімдіктер болғандықтан, бұрынғы шыққан қалдық заттарды өз бойына сіңірген күйде қалды.

Мүктердің құрамындағы ауыр металдар концентрациясы мырыш, қорғасын, темір, сынап, өте аз зерттелінген. Өсінді ағзаларындағы ауыр металдармен техногенді заттардың жиналуы туралы мәліметтер негізінен гүлді өсімдіктерге қатысты деп есептелінген. Бірақ мүктік аккумуляциялық немесе адсорбциялық қасиеттері гүлді өсімдіктерге қарағанда жоғары болған.

Ауыр металдардың судағы концентрациялары әдетте миллионнан аспайды, ал көп жағдайларда 10 моль/л дейін немесе одан кіші микро және субмикроконцентрациялар аймағында болады. Осыған қарамастан, олар химиялық активтілігінің арқасында сулы жүйелердің химиясында, басты роль атқарады. Көбінесе өте аз мөлшерде болатын мыс, мырыш, кадмий және никель сияқты металлдардың биологиялық жүйеде тіршілік үшін маңызы зор және олар қоректік микроэлементтер ретінде қарастырылады. Бірақ жоғары концентрацияларда, осы металдар энзимдермен жүретін реакциялардың ингибиторы ретінде әсер етеді және кейбір жағдайларда белгілі бір организмдер үшін жоғары уыттылық көрсетеді. Химия ғылымының академигі А.Баешов ауыр металдардың жоғары концентрацияларының адам денсаулығына әсерін былай көрсетті.

Кесте 1. Ауыр металдардың адам денсаулығына әсері

Элементтер Элементтердің әсерінен кейін Залал көздер
Сынап Нерв жүйесінің бұзылуы (минамат ауруы); ішек қарын трактісінің және бүйрек функцияларының ауытқуы; Хромосомды өзгерістер Жер үсті, жер асты суларының және топырақтың ластануы
Қорғасын Терінің рак аурулары, интоксикация, перифириялық неврит Ластанған топырақ, уланған дәндер
Мыс Тканьдағы органикалық өзгерістер, сүйек тканьдердің ыдырауы, гепатит Жер үсті, жер асты суларының және топырақтың ластануы.
Кадмий Бауыр циррозы, бүйрек функциясының ауытқуы, протенурия. Топырақтың ластануы

Кентау қаласында мүктердің үш түрі анықталды: Breyum argenteum, Tortella tortuosa, Pterygoneum ovatum. Белгілі мониторингтік алаңдардан жиналған мүктер үлгілерінің құрамындағы ауыр металдарының (Pb,Cu,Zn, Cd) мөлшері анықталды. Жұмыстың нәтижелері бойынша 8 аймақтың ішінде ауыр металдардың көп мөлшері Кентау байытқыш фабрикасында, Кеншілер саябағында, қаланың солтүстік батыс және оңтүстік батыс бөлігінде анықталды. Соның ішінде Кентау байытқыш фабрикасында Breyum argenteum түрінде ең көп мөлшерлі нәтижені көрсетті. Zn-4,34 г/кг, Cu-0,46г/кг, Pb-1,41 г/кг, Cd-0,0107 г/кг. Осы нәтижеге сүйене отырып қаланың солтүстік бөлігі ауыр металдармен ластанғанын көреміз. Сонымен қатар мүк үлгілері алынған жерден топырақтың құрамындағы ауыр металдардың (Pb,Cu,Zn,Cd) мөлшері анықталды. Алынған нәтижелері бойынша топырақтың құрамындағы ауыр металдар, мүк құрамындағы ауыр металдарға қарағанда үлкен дәрежелі нәтижені көрсетті. Сонымен қатар топырақтың рН ортасын анықтап, топырақтың ортасы 6,6-7,9 мәніне сәйкес келді. Бұл нейтрал ортасын көрсетеді. Осы салдардың әсерінен, біздің ойымызша мүктердің құрамындағы ауыр металдардың, топырақ құрамындағы ауыр металдардың аз болуының себебі, иондардың қабылдау қасиеті әлсіз болып келеді, өйткені осы салдарынан металл гидроксидтері түзіледі. Осы салдарға сүйене отырып біз мүктердің морфология өзгерістерін байқадық. Эталон ретінде біз Ақсу өзенінің бойынан және Қаратау өңірінен бір түрлі Tortella tortuosa мүк үлгілерін алдық. Біз түрдің бойының ұзындығының өлшемімен жапырақ өлшемінің өзгергендігін байқадық. Нәтижесінде Кентау қаласындағы мүктер Ақсу өзенінің бойынан және Қаратау өңіріне қарағанда, бойының көп мөлшерде қысқа болуын және жапырақ мөлшерінің қысқа болуын байқадық.

Ауыр металдар қоршаған ортаға түскенде экожүйелердің өздігінен тазалану процесімен ыдырамайды. Олар топырақта жинақталып, өсімдіктерге өтіп, әрі қарай биологиялық айналымға түсіп отырады. Биологиялық тізбек: топырақ — өсімдік – адам, топырақ – су – адам және топырақ – атмосфералық ауа – адам арқылы адам организміне өтіп, олар әр түрлі ауруға шалдықтыратыны белгілі.

Әдебиеттер:

  1. Абрамова И.И., Абрамова А.Л. Мхи, плауны, хвощи, папортники,

голосемянные растения // Жизнь растений, Т.4,1978 г.

2.Рыспеков Т.Р. Загрязнение тяжелыми металлами почв и растений //

Мониторинг природной среды, Алматы, 2003г.

3.Байтулин И.О. Бриология в Казахстане. В кн: «Мхи Казахстана», Алматы:

МАЭР,1995г.

4.Әметов Ә.Ә. Ботаника, Алматы,2000г.

Join The Discussion