Биология
Сейтханова Жумабике Каримхановна, Қосмекенділер — алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар

Қосмекенділер — алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар

Мақала авторы: Сейтханова Жумабике Каримхановна
Жұмыс орны: Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі
Лауазымы: Биология пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 27.02.2016


Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер-алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы

жануарлар.

Сабақтың мақсаты:

Оқытушылық:   Оқушыларға қосмекенділердің өзіне тән қандай белгілері бар екенін  және қандай топтарға бөлінетінін түсіндіру және деңгейлік тапсырмалар беріп, алған білімдерін бағалау

 

Тәрбиелік:  Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары өз бетінше ізденіп,алған  білімін өзін қоршаған ортада еркін қолдана алатын жеке  тұлғаны   тәрбиелеу.

 

 Дамытушылық: Оқылған материалды сараптауда өзіндік ой пікірдің  қалыптасуы, өз ойын шығармашылық  тұрғыда   жеткізу.

 

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың  әдісі:  Топпен, жеке жұмыс, баяндау, тест, сұрақ – жауап, суреттермен жұмыс, СТО технологиясының элементтері

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет

Көрнекі құралдар:    интерактивті тақта , үлестірмелі қағаздар, суреттер,тірек-сызбалар.

Сабақтың құрылымы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

А) «Миға шабуыл»

Б) Сәйкесін тап

  1. Үй тапсырмасын бекіту.

А) Кесте толтыру

Б) Қызығушылықты ояту

  1. «Мағынаны тану» бөлімі бойынша жаңа сабақ.

1-деңгей «Биологиялық диктант»

2-деңгей «Сұрақ-жауап»

3-деңгей «Тест жұмысы»

Сергіту сәті

  1. Жаңа сабақты бекіту.

А) Семантикалық карта

Б) Топтастыру

  1. Жаңа сабақты қорытындылау.

А) Сөзжұмбақ «Қосмекенділер»

  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма.

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

—  Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

—  Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

А) «Миға шабуыл»

  1. Омыртқалыларға тән белгілерді ата?
  2. Омыртқалылардың жақ сүйектерінің болу-болмауына байланысты нешеге бөлінеді?
  3. Омыртқалылардың дене температурасына байланысты неше топқа бөлінеді?
  4. Балықтар неше класқа бөлінеді?
  5. Шеміршекті балықтардың терісі неше қабаттан тұрады?
  6. Акуланың миы неше бөлімнен тұрады?
  7. Балықтардың асқорыту жүйесін ата?
  8. Балықтарға байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
  9. Балықтарды зерттейтін ғылымды ата?

Б) Сәйкесін тап

Шеміршекті балықтардың                                           Желбезек

денесін қаптайды

 

Тік ішектің кеңейген бөлігі                                        Ихтиология

 

Балықтарды зерттейтін сала                                        Плакоидты

қабыршақ

 

Балықтардың тынысалу                                                Клоака

мүшесі

  1. Үй тапсырмасын бекіту.

А) Кесте толтыру

 

Шеміршекті балықтар Сүйекті балықтар
                   

 

  1. Қаңқасы шеміршектен тұрады.
  2. Торсылдақтары болады.
  3. Қаңқасы сүйектен тұрады.
  4. Тік ішектері клоакамен жалғасады.
  5. Тік ішек аналь тесігімен аяқталады.
  6. Бахтах, кета, қылқа, латимерия.
  7. Уылдырығының саны көп
  8. Акула, жұпбалық, тұтасбас
  9. Уылдырығының саны аз
  10. Торсылдағы болмайды.

Б) Қызығушылықты ояту. Балықтарға  және қосмекенділерге қатысты жұмбақ жасыру.

  1. «Мағынаны тану» бөлімі бойынша жаңа сабақ.

Қосмекенділерге тән белгілер:

  • Құрлыққа шығуына байланысты аяқтарының сүйектері бір-бірімен буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Бес саусақты төрт аяқтардан тұрады.
  • Қосмекенділер дернәсілдері желбезек арқылы, ал ересектері өкпе мен тері арқылы тыныс алады.
  • Алдыңғы ми сыңарына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар, ал ортаңғы миы жақсы дамыған. Көзінің айналасында қозғалмалы, жұқа терілі қабаттары болады.
  • Жүрегі дернәсілдерінде екі бөлікті, ересектерінде үш бөлікті (2 жүрекше, 1 қарынша) болады. Дернәсілдерінің қанайналым жүйесі- бір шеңберлі, ал ересектерінікі- екі шеңберлі.
  • Жеке-жеке бұлшық еттер жақсы дамыған.
  • Суда,құрлықта тіршілік етеді
  • Суда көбейеді
  • Дене тұрқы 3-180см
  • Терісі жұқа, тегіс, безді
  • Дара жынысты

Қосмекенділердің денесі: бас- тұлға-бес саусақта төртаяқ

Қосмекенділердің омыртқа жотасы: мойын- тұлға-сегізкөз-құйрық

Асқорыту жүйесінің құрылысы:Ауыз қуысы -өңеш-қарын-аш ішек -тоқ ішек-тік ішек.

Зәршығару жүйесінің құрылысы: Екі бүйрегі-екі несепағар түтігі-қуық-клоака

Қосмекенділердің отрядтары:

  1. Аяқсыз қосмекенділер /200-дей/
  2. Құйрықты қосмекенділер /500-дей/
  3. Құйрықсыз қосмекенділер /4000-дай/

 

Қосмекенділердің негізгі отрядтарына салыстырмалы сипаттама

Белгілері Отрядтар
Құйрықтылар Құйрықсыздар
Өкілдері Кәдімгі тритон, Жетісу бақатісі, саламандралар Көлбақа, тоған бақасы, кәдімгі құрбақа, жасыл құрбақа
Түр саны 500-дей 4000-ға жуық
Құрылысының ерекшелегі Дене пішіні ұзынша, құйрығы ұзын, аяқтары қысқа, жарғақ қусы және дабыл жарғағы жоқ. Денесі қысқа, басы қозғалыссыз (мойны айқын бөлінбейді).Ересектерінде құйрық жоқ. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын, әрі жақсы дамыған, терілі жарғақтары болады.
Қозғалысы Денесі мен құйрығының толқынды иілуінен Секіру арқылы
Ұрықтануы мен дамуы Сырттай, метаморфозды

 

 

 

 

 

 

 

Құйрықсыз ересек қосмекенділер мен оның дернәсіліне салыстырмалы сипаттама

Белгілері Дәрнәсілі (итшабақ) Ересек қосмекенділер
Дене пішіні Балық тәріздес, құйрығы жоқ. Саусақтарының арасында терілі жарғақтары бар. Денесі қысқа, құйрығы жоқ. Екі жұп аяқтары жақсы жетілген.
Қанайналым жүйесі Бір қанайналым шеңбері бар. Жүрегі екі бөліктен тұрады. Екі қанайналым шеңбері, жүрегі үш қуысты.
Тыныс алу Желбезек Өкпе және тері
 Қозғалу тәсілі Құйрық көмегімен жүзу Секіру, артқы аяқтарымен жүзу
Қорек Балдырлар, қарапайымдар және басқа да ұсақ организмдер Жәндіктер, былқылдақденелілер, құрттар, балық шабақтары
Тіршілік ортасы су Құрылық, жартылай су ортасы

1-деңгей «Биологиялық диктант»

  1. Бақаның тоқ ішегінің соңғы бөлігі ………… ішек деп аталады.
  2. Қосмекенділердің ……………… сезуі жақсы дамыған.
  3. ……………………….. қосмекенділер іштей ұрықтанады.
  4. Қажетсіз заттар ………………….. сыртқа шығарылады.

2-деңгей «Сұрақ-жауап»

1.Қосмекенділердің қаңқасы  қандай бөлімдерге бөлінген?

  1. Қосмекенділердің тынысалу жүйесінің ерекшелігі неде?
  2. Қосмекенділердің дернәсілдері қалай дамып жетіледі.

3-деңгей Тест жұмысы

1.Итшабақ дегеніміз:

А/ Бақаның дернәсілі  В/Жас балық    С/ Уылдырық

  1. Бақаның бас миының қай бөлімі жақсы дамыған:

А/ Алдыңғы ми       В/ ортаңғы ми   С/ Мишық

  1. Құйрықсыз қосмекенділерге қайсысы жатады:

А/ тритон       В/    көл бақа              С/ саламандра

  1. Ересек қосмекенділер қандай мүшелер арқылы тыныс алады:

А/ өкпе және тері   В/ Тек тері         С/ тек желбезек

  1. Қосмекенділердің баяу қозғалуы қай миға байланысты

А)  ортаңғы ми            В) алдыңғы ми        С) мишық

  1. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құрбақа

А)   жасыл құрбақа    В)кәдімгі құрбақа         С)  даната құрбақасы

  1. Қосмекенділер неше отрядқа бөлінеді

А) 3                      В) 4                С) 5

  1. Бақаның қан айналымы неше шеңберлі болады:

А/ бір       В/ екі           С/ үш

  1. Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты:

А/ 3          В/ 2             С/ 4

  1. Құйрықтылар отрядына жатады:

А/ тритон          В/ даната бақасы             С/ сақиналы құртжылан

Сергіту сәті

1) 1.Қосмекенділер суда да, құрлықта да кездеседі?

  1. Омыртқа жотасы 3 бөлімнен тұрады?

2)  1.Қосмекенділердің жүрегі 3 қуысты?

  1. Қосмекенділердің мишығы жақсы дамыған?

3) 1.Қосмекенділер ауылшаруашылығына зиян келтіреді?

  1. Дернәсілдері итшабақ деп аталады?

4) 1.Қосмекенділер інде тіршілік етеді?

  1. Саусағында тырнақтары бар ?

5)  1.Даната құрбақасы Қызыл кітапқа тіркелген?

2.Қазақстанда қосмекенділердің 4 мың түрі бар ?

  1. Жаңа сабақты бекіту.

А) Семантикалық карта

Қосмекенділер Аяқсыз

қосмекенділер

Құйрықты қосмекенділер Құйрықсыз

қосмекенділер

Тритондар

 

     
Сақиналы құртжылан

 

     
Қүрбақа

 

     
Шөп бақа

 

     
Саламандра

 

     
Жетісулық бақатіс

 

     
Даната құрбақасы      

Б)«Топтастыру»

 

 

  1. Жаңа сабақты қорытындылау.

А) Сөзжұмбақ «Қосмекенділер»

«Сөзжұмбақ»

  1. Құйрықсыз қосмекендінің түрі
  2. Қосмекенділерде жақсы дамыған ми
  3. Қосмекенділер қандай қанды
  4. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділер түрі
  5. Балық патшасы
  6. Басаяқты ұлудың бір түрі
  7. Қосмекенділер дернәсілдері суда немен тыныс алады
  8. Омыртқасы жоқ желілі жануар
  9. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген қосмекенді
  10. Аяқсыз қосмекенділер қалай ұрықтанады
  11. Бағалау.
  12. Үйге тапсырма.
  13. 56. Қосмекенділер- алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар.
  14. “Білемін, білдім, білгім келеді” стратегиясының 3 бағанын толтырып келу.

 

Білем Білдім Білгім келеді
  1. Іздену жұмысы:

А) Эссе. “Қосмекенділердің пайдасы мен маңызы”.

 

 

Join The Discussion