Педагогика
Нағима Сарсенбаева Виктор Аваси, Коучинг пен менторинг нәтижелері: Жетістігіміз қандай болмақ?

Коучинг пен менторинг нәтижелері: Жетістігіміз қандай болмақ?

Мақала авторы: Нағима Сарсенбаева Виктор Аваси
Жұмыс орны: Физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Тараз қаласы
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 19.11.2016


      Адам баласы жастайынан өмірдің түрлі сатыларынан сүрінбей өтіп, заманауи дағдыларды үйрену үшін сандаған тәлімгерлік пен тағылымдамадан өтеді. Бұл тағылымдық жетістіктер ғаламдық құзырлықты үйренуден басталады (Шрайнер, т.б.,2005). Әр ұрпақ ресми немесе бейресми, тереңдетілген білім алу кезеңдерін бастан өткізіп, әрі қазіргі таңда көп айтылып жүрген өмірлік білім алу мақсатымен оқуларын жалғастырады. (НИШ, 2012). Ересек азаматтарды оқытудың әлемдік тәжірибеден белгілі екі түрі бар олар; коучинг пен менторлық. Тараз қаласындағы Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің ұжымы үшін жоғарыда айтылған біліктілік көтеру тәсілдері мектеп мұғалімдерінің білімін көтеруге арналған бағдарламалардың бірегейі болып табылады. Барлық жас мұғалімдер, ұстаздық еңбектің практикалық сырын тану барысында тәжірибелі мұғалімдерге немесе менторларға тіркелген. Тәлім алушылар өздерінің қажеттіліктерін айқындай отырып түрлі кедергілерден өтуге тырысады, және ауқымды мәселелерді шешуді өздері үйренеді. Дегенмен, коуч пен менторлар қолданатын критерийлер тәлімгерлердің дайындығын екшелеуді субьективті түрде бағалайды, бұл критерийлер жүйеге келмеген, әрі қолданыстағы бар үлгіге қарама – қайшы болып тұр. (Эльмор, 2004).

Осы екі терминнің мағынасына тереңдесек, коучинг дегеніміз адамдар арасындағы қысқа- мерзімді ресми немесе бейресми сенімді қарым-қатынас, яғни коуч тәлім алушыға берілген тапсырманы орындауға біріге отырып әрекет етеді немесе тәлім алушының жұмысты өз бетінше  жеке жасай алуына көмектеседі (НИШ, 2012). Тәлім алушы ментордың көмегі арқылы негізгі мақсатқа жеткенде тәлімгерлік оқытуды тоқтатуға болады. НИШ-тағы тәлімгерлік жұмыс жас маманның өзіне есеп беруі және оның негізгі талаптарын қанағаттандыратын тағылымдамадан тұрады. Кейбір бейресми тәлім мысалы, бір әріптестің екіншісінен соңғы үлгідегі техникалық құралды іске қосуға көмектесу, белгілі бір тақырыпқа сөз тіркестерін құрастыру, адамдарға мейіріммен қарау, пайдаланған қағаздарды қайта қолдану, тіпті ән салып беру деген сияқты істен тұрады. Менторлық — тәлім алушының кәсіби деңгейлікке менторсыз өз бетінше қол жеткізу қиын болатын өзара қарым-қатынас түрі (Аваси, Сарсенбаева 2015). Осыған орай, Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік Мектебінде тәлім алушыға сабаққа дайындалу, сабақ өткізу және сабақтан соңғы рефлексия жасауға, мамандыққа баулу дағдылары үйретіледі. Менторлық мектептен тыс, тәлім алушының жеке басына қатысты тұрмыстық жағдайларға байланысты жүруі де мүмкін. Тәлім алушының ментордан үйренері көп. Демек тәлім алушы тәлімгердің/ментордың ақыл- кеңесіне зәру (Эльмор, 1996). Коучинг пен менторлықта жетістіктер түрлі деңгейде көрінеді. Осыған орай коуч те, менторда тәлім алушыны жаңа дағдыға баулуда мұқият болуы тиіс.

Әдістеме ретінде, коучинг пен менторлық топтық оқутылардан бөлек, бұлар кәсіби дағдыны дамытуға бағытталады. Яғни, кәсіби тәжірибесі жоғары адам (еңбек жолы, кемеңгерлігі басым) кәсіби деңгейі, тәжірбиесі аздау әріптесімен бірігіп жұмыс жасайды. Бұл жерде мәселе жас ерекшеліктерде емес. Коуч немесе ментор тәлім алушыдан  жас болуы да мүмкін (ibid.). Әлеуметтік жағынан қарастырсақ, екі адам арасында әріптестік қатынас құрылады. Коуч немесе ментормен салыстырғанда тәлім алушыда тәжірибелік ақпарат қоры аз (Лонг,1997). Бұлардың арасындағы жұмыстың сәтті болуы тәлімгерліктің менторлық түрі әлде коучинг түрінің жүруіне байланысты. Менторлық, әлеуметтік капитал (сенім, өзара қолдау, өзара көмек) ұжымдық және командалық қатынастарды негізге алады (Хэррис және Дали, 2006). Ментор тәлім алушыға түрлі тақырыптық кездесулер, семинарлар, қоңырау шалу, хаттар жіберу арқылы білімі мен тәжірбиесін көтере алады, сонан кейін осы жұмыстың нәтижесін кері байланыс арқылы тексереді. Бірақ, тәлім алушыны бақылау бейресми түрде жүзеге асады. Коуч немесе ментор өз тәжірбиелеріне сүйене отырып тәлім алушының қолынан келетін істі тапсырады. Коучинг пен менторлық өз тәжірибесімен бөлісуді білдіреді. Коуч/ментор тәлім алушыдан кәсіби тәжірбиесі молырақ болғандықтан, тәлім алушының біліктілігінің кемшін тұстарын толтыруға тырысады. Тәлім алушы болса, коуч пен ментордың кеңесі арқылы, өз мамандығына байланысты кәсіби дағдысын кеңейтуге күш салады (Эльмор, 2004). Тәлім алушы өзіне қажетті білім мен тәжірибені меңгерген соң өзі де тәлімгерлік іспен айналысуына болады.

Мамандыққа байланысты білім сапасын көтеру бірегей секіріс емес. Мамандыққа байланысты білім көтеру жоспарлы, Жақын Арадағы Даму аймағы теориясын есте ұстауды талап етуші әрекет. Бұл туралы әдебиеттер коучинг пен менторлық арасындағы байланысты анықтайтын Үйрену Доғасының  сандық қатынасын зерттейді. Үйрену доғасы менторлық пен коучингтің жетістіктерін суреттейтін тәсіл. Дегенмен, бұл мақала есептеуге негізделмейді. Бастапқыда, коуч пен ментордан сабақ алмас бұрын тәлім алушы жоғарыда көрсетілген кестенің А нүктесінде тұрады. Еңбек жолын бастаушы барлық жас маман, тіпті тәжірбиелі деген кейбір мұғалімдер де осы А нүктесінде тұрады. Ешбір әріптестің, ешбір сыртқы күштердің әсерінсіз жас маманның білгені осы нүктеде. Коуч пен ментор жас маманға көмек қолын созбаса, Жақын Арадағы Даму аймағы В немесе С нүктелеріне жетуі беймәлім. С нүктесіне жету ментор мен коучтың қолдауын, көмегін талап етеді. Ал Д нүктесі мамандықты меңгерудің жоғарғы сатысы, демек коуч пен ментор осы нүктеде оқыту мақсатын өзгертеді немесе тәлімгерлікті доғарады. Жақын Арадағы Даму аймағын қарапайым құрал ретінде санағанымызбен, ол менторлық істі объективті түрде бағалауға жәрдемдеседі. Коучинг/менторинг үдерісі уақытты талап ететін үрдіс. А нүктесі мен АВ-ның қосындысы мамандыққа үйрету процесінде тәлім алушының осы үдеріске оның өз тарапынан қосатын үлесін көрсетеді. А нүктесі тәлім алушыны менторға таныстырады. Ал АВ қосындысы менторлық жұмыстың сапасының көрсеткішін білдіреді. Ментор мен тәлім алушының арасындағы жұмыс басталды делік. Тәлімгерлік те басталды.  Бұл жағдайда сабаққа қатысқан күндер есепке алынады. Әріптестер арасында телефон арқылы байланыс та жүзеге асады. Алғашқы таныстырылым оқулар және Кері байланыс орындалады. Болашақ жоспарлар құрылады. Үй тапсырмасы беріледі. Мақсатқа жету үшін тәлімгерлік нәтижелер көріне бастайды, дегенмен олар актуальді оқуды білдірмейді. АВ, ВС, СD доғасынан шыққан нәтиже тәлім алушының талпынысынан туындайтын біліктілік. Бұл енді тәлім алушының бойында жаңадан қалыптасқан тұрақты ерекшелікті, яғни ментордың біліктілігін тәлім алушының іс-әрекетімен қайталауы болып саналады. Атап айтқанда, тәлім алушы менторлық курсқа дейінгі беймәлім кәсіби дағдыны меңгереді. Тәлім алушының үйренген дағдылары мен білімі оның тиімді сабақ беруінен, сабақ жоспарын құрастыруынан, ұжымы мен сыныбына көшбасшылық қабілетін көрсете білуінен байқалады. Сонымен бірге, оқушылардың білімін бағалай алу, оқу бағдарламасы мен білім беру саласындағы мәселелерді шеше алуы да ескеріледі. Мектептегі түрлі шаралар мен сыныптағы жұмысты бақылау, командалық және қызметтік функцияларды  орындай алуы менторлық жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Менторлықтың әсерлі күші D нүктесінде. Бұл нүктеден тәлім алушының кәсіби біліктілігінің көлемін байқауға болады. Тәлім алушының біліктілік дәрежесі өседі. Оның үйренетін мүмкіндіктері тәуекелшілік пен танымнан тұрады. Тәлім алушы алдағы қиыншылықтардың санын кеміте отырып, олардан сабақ алуға тырысады. (Лэк, 2004). Демек, осы кезеңде тәлім алушы өз бетінше әрекет ете алатын, менторлық қабілеті басым, жас мұғалімдердің келесі тобына тәлімгерлік жүргізе алатын маман деген сөз. Бұл көрсеткіш оқыту үрдісіндегі тұрақтылықты білдіреді. Өйткені, бұған дейін бір ментор болса, тағылымдама соңында екі ментор тәлімгерлік санатқа қосылады. Көбею деңгейі қозғалысты білдіреді. Параллель сызықтар заңына орай, екі ментор төрт ментор көлемінде, ал төрт ментор сегіз ментор көлемінде ұлғаяды. Екіншіден, менторға айналған тәлім алушы, өзінің қуатымен жаңа белестерді бағындыруға талпынады. Дәл осы тәуелсіздік бізді қоршаған ортадағы сансыз дағдыларды «әбзелдеуге» көмектеседі. Осы ретте, Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік Мектебінің менторлық жұмысы дәлел бола алады. Шынайы менторлық жұмыс – сәттілік нышаны.

Қолданылған әдебиет

  1. Avasi, V., and Sarsenbayeva, N. (2015). Improving writing outcomes at Grade 11: An Action Research, NIS PhM Taraz
  2. Elmore, T., & Maxwell, J. C. (2001).Mentoring: How to Invest Your Life in Others. Equip.
  3. Elmore, T. (1996). The greatest mentors in the Bible: 32 relationships God used to change the world. Kingdom Publishing House.
  4. Harris, P., & Daley, J. (2006, November). Mentoring in the Workplace: Creating Collaborative Learning Cultures. In Workshop presented at the Adult Learning Australia 46th Annual National Conference.
  5. Lack, R., (2004). 101 Leadership Principles from the Book of Nehemiah. Glifa, Good Literature For All, 3704 Krattige, Switzerland.
  6. Long, J. (1997). The dark side of mentoring.The Australian Educational Researcher24(2), 115-133.
  7. Nazarbayev Intellectual Schools (NIS). (2012). In-service Training Programme for the Pedagogic Staff of the Republic of Kazakhstan. Intermediate Level (1st ed.). Astana, AO: Centre for Pedagogic Measurements.
  8. Schreiner, P., Banev, E., & Oxley, S. (2005). Holistic education resource book. Waxmann Verlag.

 

Join The Discussion