Тарих
Касенова Асем Ерболовна, Монғол шапқыншылығы

Монғол шапқыншылығы

Мақала авторы: Касенова Асем Ерболовна
Жұмыс орны: "Зырян қаласының №9 орта мектебі" КММ
Лауазымы: тарих пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 20.12.2016


Монғол шапқыншылығы

Сыныбы: 5-сынып           

Тақырыбы: Монғол шапқыншылығы. Отырар – қахарман қала.

Мақсаты: Оқушыларға Отырар қаласының гүлденген уақыты туралы және Отырардың ерлігі туралы толық мағлұмат бере отырып, монғол шапқыншылығының зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру

Міндеттері: — оқушыларға тақырыпты жан-жақты ұғындыру.

— ізденіс жұмысына баулу, ой мен тапқырлық жүйелерін арттыру.

-оқушыларды,елін,жерін құрметтеуге,патриотизмге тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау. Проблемалық сұрақ-тапсырмалармен жұмыс, талдау.

ББҮ кестесімен жұмыс.

Көрнекілік: карта,сызба, кесте, суреттер /Шыңғысхан,«Отырар шайқасы»

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география

Технология: СТО элементтері

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі ( 1-2 минут )

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 10-13 минут )

ІІІ. Жаңа сабақ. (20-25 минут)

ІV. Қорытынды ( 2-3 минут)

V . Үйге тапсырма (1 минут)

VІ. Бағалау (1 минут)

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар топпен бөлініп отырады.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Ұлы Жібек жолы – ұғымы туралы не айта аласыңдар, картадан көрсете аламыз ба?

І топ тапсырмасы

  1. Ұлы , Жібек, керуен жолы — сәйкестендіре отырып, әр сөздің мағынасын ашу керек.

Ұлы Қымбат мата

Түйе, жылқы

Еуропа , Азия

Жібек Халықаралық валюта

Батыс, шығыс

Шөл, таулы шың, өзен -көл, мұздықтар

Керуен жолы Елшілерге тарту, әскерге жалақы

ІІ топ тапсырмасы

  1. Ұлы Жібек жолы өткен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар мен Ортаазиялық қалаларды белгілеп, картадан көрсету

Жетісу өңірі (+ , — ) белгілеу

Бұхара +

Астана —

Самарқан +

Үргеніш +

Көкшетау —

Сығанақ +

Сайрам +

Қарағанды —

Созақ +

Сауран +

Павлодар —

Отырар +

Атырау —

Мерв +

Сығанақ +

Тараз +

Баласағұн +

Талхиз +

ІІІ топ тапсырмасы

  1. Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстан далаларына қандай тауарлар әкелініп , қандай тауарлар шетке шығарылды.

Не әкелінді? Не шығарылды?

Қазақстан

Қытай, Үндістан, Таяу Шығыс, Орта Азия, Иран, Араб халифаты, Еуропа, Русь т.б. елдер

ІV топ тапсырмасы

  1. Ұлы Жібек жолы тек сауда ғана емес, мәдениетті де таратушы жол.

ӘЛЕМДІК ДІНДЕРДІҢ ТАРАТЫЛУЫ

Будда Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы,Үндістаннан Корея мен Жапонияға таратылды.

Христиан Батыстан таратылды

Ислам Сирия, Иран және Араб елдерінен таратылды

Төрт топқа тапсырма

«Әлемнің төрт патшалығы» деген ұғым қалыптасты, ұғымды түсіндіру

Византия

Құнды байлықтар патшалығы

Түркі кағандығы

Жылқы патшалығы

Үндістан

Пілдер патшалығы

Қытай

Адам патшалығы

Қорытынды:

Ұлы Жібек жолының ХІV-ХV ғасырларда өз маңызын жойып, кейін мүлде өмір сүруін неліктен тоқтатты — деген сұрақ қойылады

— Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты байланыстырушы Ұлы жол болса, осы жолмен қатар Солтүстік пен Оңтүстікті, Сібір –Арқа – Түркістанды байланыстырып жатқан меридианалды жол болған. Бұл жол көшпенділер деп аталатын , біздің ата-бабаларымыздың үшін өмір жолы болды.

Жаңа сабақ: Монғол шапқыншылығы

Проблемалық сұрақ: Қазақ жерін Шыңғысхан өз әскерімен баса көктеп кіріп, жаулап алмағанда не болар еді

Итермелеу сатысы Мұғалім ББҮ кестесі бойынша жұмыс жасайды

Енді маған кестенің бірінші бағанын толтыруға көмектесіңдер

Біз Отырар қаласы мен Шыңғысхан туралы не білеміз , не айта аламыз?

Оқушылар ең маңызды идеяларын айтады, толтырады.

3 минут

Білемін Білгім келеді Үйрендім
Әл-Фараби дүниеге келді
Атақты кітапхана болды
Бірнеше шапқыншылық болды
Оңтүстік Қазақстан облысында
Ұлы Жібек жолының бойында
Ұлы қолбасшы
Монғол ханы
Жаулап алушы

— Сонымен, біз Отырар туралы көп біледі екенбіз, бірақ біз одан да көп білгіміз келеді. Біз тағы не білгіміз келеді?

Өз сұрақтарын ойластыруға 4 минут уақыт беріледі.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Әл-Фараби дүниеге келді Қай ғасырда, қай жылы өмір сүрген қала
Атақты кітапхана болды Отырар қаласының гүлденіп, ірі қалаға айналуына қандай жағдай әсер етті?

Фараб деп аталды Қалада қандай орындар жұмыс жасады және қала халқы мен бөліктері туралы мәліметтер
Бірнеше шапқыншылық болды Қай ғасырда қиратылды?
Оңтүстік Қазақстан облысында Бүгін ол қала бар ма, бар болса қалай аталады?
Ұлы Жібек жолының бойында Кім билік етті?

Монғол ханы Монғол мемлекеті қашан, қалай құрылды?
Ұлы қолбасшы Монғолдардың әскері не себепті күшейді?
Жаулап алушы Қазақстан жеріне қай жылы басып кірді, алғаш басып кірген өңірі
Қатыгез, сатқындықты жақтырмайды «Отырар шайқасы» туралы
Қиратушы Шыңғысхан Отырарды неге жойып жіберді?
Қазақ хандарының арғы атасы Отырардың құлауына кім немесе не себеп болды?

Конструкциялау сатысы
Оқушыларға мақаланы оқып, «Білгім келеді» бағанындағы тізілген
сұрақтарға жауап тауып, «Үйрендім» бағанын толтыруға тапсырылады. Әр топ 3 сұраққа жауап беру керек.

13-15 минут 3 минут сұраққа жауап іздейді. 10 минут жауап беріп, кестені толтырады.

Білемін Білгім келеді Үйрендім

Әл-Фараби дүниеге келді Қай ғасырда, қай жылы өмір сүрген қала Осыдан екі жарым мың жыл бұрын алғашқы қоныстар болған. VІ (6) –VІІІ (8) ғ саяси орталық болды.

ІХ(9) – ХІІ (12) ғ. Сырдария өзенінің аймағындағы басты қалалардың біріне айналды.
Атақты кітапхана болды Отырар қаласының гүлденіп, ірі қалаға айналуына қандай жағдай әсер етті?

V (5) – ХV (15) ғ. Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды қала болды.

Фараб деп аталды Қалада қандай орындар жұмыс жасады және қала халқы мен бөліктері туралы мәліметтер Медреселер, ұстаханалар, қонақүйлер,мешіттер,моншалары мен сауда орталықтары болды.
Екі үлкен дуалмен қоршалған. Қалаға кіретін бес қақпа болды. Қала билеушілері, байлар,ірі саудагерлер қаланың орталық бөлігінде , ал қарапайым халық сыртында қоныстанды.
Бірнеше шапқыншылық болды Қай ғасырда қиратылды? ХІІІ (13) ғасырда, яғни 1219-20 жылдары
Оңтүстік Қазақстан облысында Бүгін ол қала бар ма, бар болса қалай аталады? Қаланың орны ғана бар. Қазақстанның тарихи ескерткіштерінің бірі ретінде зерттеліп, қорғалуда
Ұлы Жібек жолының бойында Кім билік етті?
Қайырхан – 1165-1220ж. өмір сүрген.
Монғол ханы Монғол мемлекеті қашан, қалай құрылды? ХІІ ғасырда қазіргі Монғолияның жерінде, Шыңғысханның басқаруымен құрылды.
Ұлы қолбасшы Монғолдардың әскері не себепті күшейді? Көршілес елдерді бағындырды, мұздай қаруланды, мықты әскери тәртіп болды,1 жауынгер үшін 10 жауынгер жазалатын болған. 200 мыңға дейін әскер жинала алатын
Жаулап алушы Қазақстан жеріне қай жылы басып кірді, алғаш басып кірген өңірі 1218 жылы. Жетісу өңірі.
Қатыгез, сатқындықты жақтырмайды «Отырар шайқасы» туралы Отырар тұрғындары 5 ай бойы қаланы қасық қандары қалғанша қорғайды. Қарашаның сатқындық жасап, қақпаны ашып беруінен монғолдар қаланы басып алады
Қиратушы Шыңғысхан Отырарды неге жойып жіберді? Қатты қарсылыққа ұшыраймын деп ойламайды, қатты ашуланады

Қазақ хандарының арғы атасы Отырардың құлауына кім немесе не себеп болды? Отырардың құлауына Хорезм шахы кінәлі делінеді. Ол өзіне бағынышты Қайырханға монғол көпестерін өлтіруге бұйрық береді.

Нұсқалау сатысы
— Сұрақ қоймаған ақпарат, дерек кездестірдіңдер ме, ондай болса «Үйрендім» бағанына жазып алыңдар. Немесе жауапсыз қалған сұрақтар бар ма , болса белгілеп қойындар.

Қорытынды: Проблемалық сұраққа жауап: Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?

Бекіту: Оқушыларды отаншылдыққа, елсүйгіштікке баули отырып, батырлық, ерлік, отан жайында мақал-мәтел айтқызу.

  1. Батыр туса ел ырысы, Жаңбыр жауса жер ырысы.
  2. Отан үшін отқа түссең де күймейсің.
  3. Отан от басынан басталады.
  4. Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
  5. Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

  1. Отан оттан да ыстық.
  2. Ер есімі ел есінде.
  3. Ер ел үшін туады, ел үшін өледі.
  4. Ерлік білектен емес, жүректен.
  5. Жүк ауырын нар көтерер,

Ел ауырын ер көтерер

«Кім жылдам?» ойыны

  1. Отырар қаласы қай ғасырда саяси орталыққа айналды?
    2. Отырар қай елдерге қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды?
    3. Қаланың орталық бөлігінде кімдер тұрды?
    4. Қарапайым халық қайда тұрды.
    5. Монғол мемлекетін кім құрды?
    6. Монғол әскерлерінің саны қаншаға жетті?
    7. Монғолдар Отырарды қай жылы басып алды?
    8. Бұл қырғын қалай аталады?

Үйге тапсырма: §26 Оқу. Өз таңдаулары бойынша Шыңғысхан немесе Отырар қаласы тұрғындары туралы жарты беттен тұратын әнгіме жазып келу

Join The Discussion