Бастауыш сынып
Мубаракова Кундыз Сериковна, Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеуде көркем шығармалардың маңызы

Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеуде көркем шығармалардың маңызы

Мақала авторы: Мубаракова Кундыз Сериковна
Жұмыс орны: №137 НОМ
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 20.01.2017


Адам өмірінің «алтын бесігі» — мектептің есігін ашқан балдырған  жарығы мол жаңаша өмірде білім алумен қатар, адамдық асыл қасиеттерді меңгеріп, өмір заңдылықтарын үйренеді. Әдептілік, имандылық, мейірімділік, ізеттілік, қонақжайлылық қасиетті құндылықтары қалыптасқан халқымыздың жақсы қасиеттерін меңгереді.

Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін-бастауыш сыныптарда оқыту үрдісі барысында көркем шығармаларды оқытудың маңызы бар. Көркем шығармаларды оқу кезінде оқушылардың достық, жолдастық, өмірге белсенді көзқарасы Отан туралы ұғымдары қалыптасады және дүниетанымы кеңейеді. Үлкенді сыйлауға, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді.  Балалар тәртіпке, өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланады. Олар оқу әрекетіне өзінің қатынасын пайымдап, жанұяда, қоғамдық орындарда өзін-өзі  ұстау  ережелерін үйренеді.

Балалық шақтағы оқыған кітап, ересек жетілген жаста оқыған кітапқа қарағанда көбірек әсер қалдыруы сөзсіз. Кітап – барлық білім мен ғылымның қайнар көзі, сарқылмас бұлағы. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік тіл мәселесі ең маңызды роль атқарып тұрған кезде тіл тұнығы кітапта екенін балалар санасына ұялатып, зердесіне құю –ата-ана мен ұстаздардың парызы.

Қазіргі заманда баланы әдеби кітаптарды оқуға тарту білімнің қайнар көзі болып табылады. Ол оның рухын сақтайды, жүрегі мен миын азықтандырады, өзін — өзі тану сезімін оятады, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей алатын, өмірге бейімді болуды үйренудің көзі.  Ал кітап оқуға баулу жұмысында кітапханашылар үлкен роль атқарады.
Бүгінгі күнде білім мазмұның қалыптастыру кезеңінде кез келген мамандық иесі жаңа ақпараттық технологиясыз жұмыс атқара алмайды. Осы кезде біздің басты мақсатымыз -ақпаратты өзі ізденіп табатын және сарапқа салатын, өз білімін жетілдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Балаларды жүйелі түрде кітап оқуға дағдыландыру барысында біршама жұмыстар   атқару қажеттігі  туып отырғаны сөзсіз.
Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам тордын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз.  Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп  жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге үлкен жол оқушыларды көркем шығармаларды оқуға қызықтыру.  Сол себепті әдебиеттік оқыту барысында адамгершілікке, кішіпейілділікке,парасаттылыққа, еңбексүйгіштікке, мамандықтың бәрі жақсы екендігіне, оны қадірлей білуге тәрбиелейтін шығармалар көп. Әсіресе, Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерінің көпшілігі бастауыш сынып оқушысының жас мөлшеріне, олардың ой-өрісіне лайықты жазылған. Шығармаларында өр- көкіректік, сараңдық, надандық, жалған сөзділік, топастық сияқты кемшіліктерді сынайды. «Масақтар» атты шығармасында «қауызында дәні жоқ масақ-бәрінен де бойы ұзын масақ» дей отыра, әкесі «адамның шынайы бағасы сыртқы түрі мен өзін-өзі ұстау дағдысында емес, оның ішкі сапалары-ақылы, мінез-құлқында, адамгершілік қасиетінде » деп ой түйеді.

Қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру кезеңінде көркем шығармаларды оқытудың маңызы зор.  Көркем шығармалар инабатты, кішіпейіл азамат қалыптастырады. Оқушылардың бойындағы рухани -адамгершілік қасиеттерін ашады.

Join The Discussion