Физика
Шукеева Гульнур Умиржановна, Отынның энергиясы

Отынның энергиясы

Мақала авторы: Шукеева Гульнур Умиржановна
Жұмыс орны: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Старый Колутон орта мектебі
Лауазымы: Мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 22.11.2016


Сынып: 8 Күні Пәні: физика
Сабақтың тақырыбы: Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.
Жалпы мақсаттар: Отынның энергиясын тәжірибелер арқылы анықтап,формулаларды қолдану арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Оқыту нәтижесі: Күнделікті өмірде қолданатын отынның, көмірдің, бензиннің энергиясын анықтап үйренеді.
Дерек көздер Оқулықпен жұмыс, АКТ пайдалану, стикер,маркерлер ,интерактивті тақта, электрондық оқулық қосымша ақпараттар: интернет желісі
Сабақтың барысы : Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:
3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
топ басшысын сайлау,
бағалау парағын тарату
топқа бөлу;
І топ – ағаш
ІІ топ – мұнай
ІІІ топ – тақтатас (сланец)

Үй жұмысын тексеру:
5 мин Есептерді тексеру
Үйге берген тапсырмалар бойынша оқушылар бір парақ қағазға сұрақтар жазады. Жазылған қағаздарды каропкага саламыз Ыстық орындық
Ортаға орындық қойып орындыққа оқушы отырып каропкадан жазылған сұрақты алып жауап береді ( дұрыс жауапқа жетон беріледі.)
Қызығушылығын ояту
3 мин Топ аттары туралы не айтасындар ?

Топтау

Мағынаны тану
15 мин

Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.
q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг. Оқулықпен жұмыс
1 топ –Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады ?
2 топ – кейбір отын түрлерінің меншікті жану жылуын қалай түсіндіруге болады ?
3 топ – Қазақстан Республикасында отын –энергетикалық ресурстары

Ой –толғаныс:
10 мин
Формулаланы есте сақтау мақсатында есептер құрастыру
(Жеке, топпен) 1.100 кг антрацит толық
жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді ?
2.Қарағанды көмірінің 100 кг- ы толық жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар?
3.Массасы 200 г керосин толық жанғанда қанша энергия бөлінеді ?

Бағалау
3 мин 1.өз үлесін қосты
2. ойын айтты
3. есептер құрастыра алды
4. формулаларды қолдана алды
5. есептерді құрастыра алды
5 балдық шкала
20 балл – 5 , 15 – балл – 4, 10 балл – 3
Кері байланыс
(рефлек)
3 мин Оқушыларға стикерлер таратылып, бүгінгі сабаққа кері байланыс
1.Нені білдік?Бүгінгі сабақта білдім,үйрендім?(жасыл стикер)
2.Нені қайталадық?Қиындықтар кездесті,бірақ жеңе білдім. (сары стикер)
3.Нені есте сақтау керекпіз?Түсінбедім,үйренбедім (қызыл стикер)
Үй тапсырмасы
3 мин Үйге: §11 мазмұндау
Есептер шығару 7 жаттығу. Күнделікті өмірде отын, көмір жағасындар сонын энергиясын анықтау

Join The Discussion