Бастауыш сынып
Өсербаева Айнакүл Бекқызы, Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту

Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту

Мақала авторы: Өсербаева Айнакүл Бекқызы
Жұмыс орны: Қарақұдық орта мектебі
Лауазымы: Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 13.02.2017


Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне тілінің дамуына құрбылармен жақындасуына көмектеседі. Баланың қуанышы, реніші ойын арқылы көрінеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен – бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез- құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Балаларды тәрбиелеуде, ұлттық ойында, дидактикалық ойынның да береті мол. Қазақ халқы саусақ ойындары арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытқан.
«Бес саусақ», Қуырмаш, Санамақтар ойынның түпкі нысаны балалардың ойына, Қиялына қанат беріп, ойын ұштау, тақпақ айтуға төселдіру. Мысалы: «Сөздерді жатта» ойыны. Бұл ойынға қазақтың ұлттық киімдерін саз аспаптарын, тағамдарын алуға болады. Ойынның мақсаты: балалардың есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Уақыты: 5 минут
Нұсқау: Бала сөзді жаттап алып, қатесіз белгілі бір уақытта айту.
Ойындарды өткізу арқылы балаларды қазақ халқының дәстүрін, әдет- ғұрпын жоғалтпай, одан әрі дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін жастайынан сіңіріп, оны құрметтеуге тәрбиелейді.
Халықтың әдет- ғұрпын, дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, ойын арқылы дарытып көңіліне қондыра білу керек өйткені баланы нәресте шағынан бастап адылдыққа, батылдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы ойын. Ойын — тәрбиенің бастауы.

Join The Discussion