Педагогика
Кыдырбаева Ботагоз Женисовна, Педагогтардың кәсіби деңгейінің даму критерилары

Педагогтардың кәсіби деңгейінің даму критерилары

Мақала авторы: Кыдырбаева Ботагоз Женисовна
Жұмыс орны: № 6 Хромтау гимназиясы
Лауазымы: физика және информатика пәндерінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 21.10.2016


 

Педагогтертар мен психологтар адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

Критериалды бағалау жолдарын ашу барысында жаңа педагогикалық технологиялардың сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық-коммуникациялық технологиясы және зерттеу мен жобалау технологиялары арқылы жүзеге асыра аламыз.

Сын тұрғысынан ойлау — өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы оқушылармен  пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушылардың  бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Ақпараттық-комуникациялық  технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай  ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды, жобалау мен зерттеу әдістері  және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне, сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді.

Сонымен  қатар телекомуникациялар жүйесі қарқынды дамып, интернет жүйесі әр тұтынушыға ұсынылып, әр оқушы интернет жүйесіне кіруіне мүмкіншілік туып  отыр. Осындай мүмкіншілікті пайдаланып, копьютерлік желіні  қолданып, жергілікті желіні пайдаланып кіріктірілген сабақтар өткізу. Мысалы  практикалық тапсырмалар орындау барысында физика, математика, экономика кабинеттерімен  және библиотеканың мәлімет қорымен байланыс ұйымдастыру.Информатика сабағын интернет-ресурсын пайдалану  арқылы оқушыларды өз бетімен қашықтықтан білім алуға және алған білімдерін тексеруге, оны  практикада қолдана алуына тиімді.

Оқытудың  тұлғалық-бағытталған жүйелерін пайдалану барысында оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіру, жақсы психологиялық жағдай жасау, ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында зерттеу мен жобалау әдістерін қолдануға болады.

Зерттеу мен жобалау технологиясы бойынша оқушылар жұмыстардың бірнеше түрлерін орындайды. Мысалы: доқлад, реферат дайындап, баяндау; әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дайындау; пән бойынша апталықтың бағдарламасын жасау, мерейтойлардың ашуларын дайындау ( ұйымдастырылған жоба); шағын қойылымдар, концерттер дайындау (проект–инсценировка); жобалар бойынша жасаған моделдерін пайдаланып көрме ұйымдастыру(проект–выставка); жоба бойынша видеофильм түсіру
(проект–видеофильм); компьютерді қолданып, видеоклип, слайд, музыкамен сүйемелдеу ( проект– мультимедийный).Жобаны орындау мақсаты- қарым – қатынас, сөйлеу барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады.

Іс тәжірибеден критериалды бағалау жүйесін  практикада қолданысы  ретінде кластан тыс шара «пікірталас сабағы»

Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады.

Сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады:

  • түсіндірме сұрақтар;
  • қосымша сұрақтар

Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп, мойынсұну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас пайда болады.

Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу.

Тақырыбы: «Қазіргі заманның кереметі»

Сабақтың түрі: дебат /пікірталас/

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;

Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп,  қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа
құралдары

Жұмыс барысы:

Оқушыларды екі топқа бөлу. дебат /пікірталас/ жүргізу

І топтың тақырыбы: «Ғаламтор».

І топтың жоспары: 

Ғаламтордың қызметі.
Ғаламтордың пайдасы.
Ғаламтордың зияны,
ІІ топтың тақырыбы «Электрондық пошта.»
ІІ топтың жоспары:
Электрондық поштаның қызметі.
Оның пайдасы
Оның зияны.
Қолдану ережелері
Жобаларды бағалау, қателерін түсіндіру, жетістіктерін айту.

Оқушыларістейбілуіқажет
Критерий А
Қажеттіақпараттыіздеп табу;
Алынғанақпараттытүсіндіру;
Ақпараттыталдау;
Қазіргіқоғамдағыақпараттыңалатынорныжәнеролінтүсіну;
Критерий В
Мәселеніанықтайалужәне гипотеза ұсыну, зерттеумақсатынанықтау, қорытындышығару;
Қажеттіақпараттыдұрыстаңдайбілу;
Қосымшаақпаратіздейалужәне оны өзбетіменмақсатқажетуүшінқолданаалу;
Критерий С
Мәселенішешужоспарынқұру, өзбетіменсипаттау;
Өзшығармашылыққызметінтиімдіжоспарлаужәнеұйымдастыру;

Критериалды бағалау шкаласы

Критерия Оқушылардың жетістіктерінің деңгейі Дескрипторы
А

Білу және түсіну

0 Оқушы критериийлердің ешқайсысын орындаған жоқ
1 Қажетті ақпаратты іздеп табу

Алынған ақпаратты түсіндіру;

2 Алынған ақпаратты түсіндіру

Өмірге қажетті ақпаратты анықтай алады

3 Ақпаратты және бұрын алған білімді жаңа немесе бейтаныс жағдайларда қолдану және пайдала білуді түсіндіру.

Көркемдеуіш құралдарды орынды қолданады

В қолдану 0 Оқушы критериийлердің ешқайсысын орындаған жоқ
1-2 Берілгендерді дұрыс жинау және қолдану арқылы болжамды зерттеу және өз қорытындыларын жасау.
3 Ақпаратты және бұрын алған білімді жаңа немесе бейтаныс жағдайларда қолдану және пайдалану
4 Дерекнамалардан, анализ, синтез және ақпаратты бағалаудан туындайтын пікірді қалыптастыру.

Мазмұның өз бетімен әсерлі жаза алады

С

Сыни ойлау және зерттеу

0 Оқушы  төменде көрсетілген деңгейлердегі кез-келген біреуінеде жеткен жоқ.
1-2 Ақпаратты  таңдалған бағыттарына байланысты  мақсатына сәйкес кейбір  сараптама жүргізу  және жеке  ой оның дәлелдері мен дәлелдемелер / фактілер қолдану.
3 Ақпаратты  таңдалған бағыттарына байланысты  мақсатына сәйкес  нақты  терең сараптама көрсетіді және  жеке  ой оның дәлелдері мен дәлелдемелер бойынша өз пікірін қолдайды.
4 Қажетті бағдарламаларды техникалық талаптар сай талдау, ресурс шығынына сәйкес бағдарламалар ерекшеліктерін  бағалау үшін өз ұсыныстарын ұсыну және  мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын құрастыру, талдау қорытындылау.
Рефлексия   Өз ойларын сөзбен жеткізуі немесе графиктік түрде (яғни ақпаратты меншіктейді) еркін дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөлісуі

Қорыта келе, Теодор Сайзердің «Баға беру және есепке алу – керемет мақсаттар. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін және біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе…» дегендей,  бағалауды дұрыс ұйымдастырылған жағдайда  мұғалім оқушыларға олардың іс-әрекеттеріне байланысты түсінік, ұсыныс т.с.с. бере отырып, жүйелі түрде кері байланысты қамтамасыз етеді. Кері байланыстың әсерінен мұғалімдер  өздерінің оқу үдерісін ұйымдастыруға белсенді қатысады. Ол үшін мұғалім оқушылардың оқу нәтижелерінің өзгеруіне байланысты оқыту және оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін, техникасын өзгертіп отыруы қажет. Мұндай бағалау жаппай тәжірибеде мұғалімнің қалыптастырушы бағалаудың теориялық негіздерін және оны ұйымдастырудың алгоритмін меңгерген кезде ғана жүзеге асады деп есептейміз.

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Join The Discussion