Биология
Габдуллина Айнур Берикказыевна, Сүйек типтері мен олардың байланысуы

Сүйек типтері мен олардың байланысуы

Мақала авторы: Габдуллина Айнур Берикказыевна
Жұмыс орны: №35 ЖОББМ
Лауазымы: Биология және химия пәндері мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 03.11.2016


Сабақтың тақырыбы:   Сүйек типтері мен олардың байланысуы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сүйектердің түрлері мен байланысуы туралы білім беру

Міндеттері:

а) білімділік: Оқушылардың сүйектің құрылысы мен химиялық құрамы туралы білімдерін тиянақтау. Сүйектердің типтерімен танысу, олардың байланысу ерекшеліктерін түсіндіру

ә) дамытушылық:  Оқушылардың  дене шынықтырудың тірек – қимыл жүйесіне әсері туралы алған білімдерін одан әрі дамыту және ойлау қабілетін, сабаққа қызығушылығын арттыру

б) тәрбиелік: Гигиеналық және патриодтық тәрбие беру. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың өту әдісі: СТО, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, «адамның бұлшықеттері» макет

Сабақтың пән аралық байланысы: химия, дене шынықтыру, музыка

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу; ә) оқушыларды түгелдеу; б) оқушылардың назарын сабаққа аудару; в) сабақ мақсаты мен жүру кезеңдерін таныстыру.

ІІ. «Ой қозғау». Үй тапсырмасын сұрақ – жауап әдісімен сұрау.

А. 1. Тірек – қимыл жүйесіне қандай мүшелер жатады? Қаңқа мен бұлшық ет

  1. Қаңқа қандай қызмет атқарады? Тірек, қорғаныштық, қан түзу.
  2. Қаңқа бөлімдерін ата? Бас қаңқасы, дене қаңқасы, кеуде, иық белдеуі мен қолқаңқасы, жамбас белдеуі мен аяқ қаңқасы
  3. Остеобластар дегеніміз не? Сүйекті өсіретін жасушалар
  4. Остеоциттер қандай жасушалар? Бөліну қабілеті жоқ, жетілген жасушалар
  5. Остеокластар дегеніміз не? Сүйектің өсуіне кедергі келтіретін заттарды сіңіретін көп ядролы құрылымдар
  6. Сүйек қандай заттардан тұрады?
  7. Сүйектің құрамындағы нәруыз тектес зат?
  8. Бейорганикалық заттар сүйеккеқандай қасиет береді?
  9. Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді?

Б. Сурет бойынша қайталау жұмысын жүргізу. Слайдтан қанқа сүйектері көрсетіледі. Оқушылар оларды атаулары керек.

В. Өткен тақырыпты қорытындылау.

ІІІ. «Мағынаны тану»: Жаңа сабақтың тақырыбы оқушыларға айтылады. а) Кітаппен өзіндік жұмыс жүргізу. Тақырыпты оқуға 8 мин уақыт беріледі.

ә) Топтастыру. Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысқаннан кейін. Дәптерге сүйектің типтері мен байланысы туралы топтастыру жұмысын жүргізед. Тақтадағы слайдпен тексеріледі, талданады.

Ұзын                                                      Қысқа

 

 

Сүйек типтері

 

 

Жалпақ

 

Сүйектің байланысуы

 

 

Қозғалмайтын                            Жартылай қозғалатын                   Қозғалмалы

б) Тірек қимыл жүйесінің аурулары туралы мектептің медбикесі баяндайды.

Сергіту сәті. «Қара жорға» әнінің әуені ойналады. Оқушылар интерактивті тақтадан би қимылдарын көре отырып қимылдар жасайды.

 ІY. «Ой толғаныс» . а) «Тірек – қимыл жүйесіне ұлттық ойындардың әсері( тақырыбына шағын эссе жазу.

б) Дене шынықтырудың тірек – қимыл жүйесіне әсері. Дене шынықтыру пәні мұғалімі баяндайды.

Дарынды оқушының дайындап келген «Тәуелсіз еліміздің спортшылары» туралы хабарламасы тыңдалады. Тақтадан спортшылар туралы слайдтар көрсетіліп, олардың тәуелсіздігімізге қосқан үлесі туралы әңгімеленеді.

Ү.Қорытынды. Сабақты қорытындылау Блумның  «Мен» жүйесі бойынша оқушылар сабақты өздері қорытындылайды.

ҮІ. Бағалау, үйге тапсырма беру: 25- тақырып, 89 бет кесте толтыру

 

Join The Discussion