Бастауыш сынып
Тулеубаева Мұнара Орынбасарқызы, Тілашар мерекесі

Тілашар мерекесі

Мақала авторы: Тулеубаева Мұнара Орынбасарқызы
Жұмыс орны: №10 жалпы білім беру орта мектебі
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 05.12.2017


Тілашар мерекесі туралы сабақ жоспары сыныптан тыс іс-шара мерекелік ертеңгілік

Тақырыбы: «Тілашар»
Мақсаты: Оқушының білімге құштарлығын арттыру, сөздік қорларын дамыту, ойын, тілін дамыту, дүниетанымын қалыптастыру,оқушы бойындағы ерекше қабілетін ашу,оқу-білімді, өнерді сүюге
тәрбиелеу
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, шарлар, кеспе сандар, слайдтар
Барысы:
І.Ертеңгіліктің ашылуы:     Безендірілген сахнаға музыкалық сүйемелдеуімен басталады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Тілашар дәстүрі-ана тілін үйренудің негізі. Ананың сүтімен бірге дарыған ана тілін терең білу үлкен бақыт. Бүгін осыдан 3 ай бұрын 1 «М» сыныбына қабылданған 25 оқушы үшін үлкен той. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер , бүгін міне әріптерді таныған, оң мен солын ажырта алатын саналы  оқушыға айналдыңыздар. Сонымен ,құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар «Тілашар» тойы барлығыңызға құтты болсын,ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Ендігі кезекте бүгінгі ертеңгілігімізге арналған  тақпақтарға берейік:

  1. Айгерім: Кіп-кішкентай баламын,

Алтыдан сып барамын.

Сөмке алып мойныма,

Озат оқушы боламын.

Жақсы баға аламын.

Таудай үлкен талабым

Содан жақсы сабағым.

 

  1. Ерлан: Мектеп деген жақсы екен.

Қызығы мол думанды,

Жақсы көрем бәрінен

Әдемілеп жазғанды,

Жеті жасқа жеткенім,

Кітабымды қолтықтап

Мектебіме жеткенім.

 

  1. Сая: Т-тәртіпті болайық
  2. Наурыз: І- ілімді бойға жинайық
  3. Нұрбақыт: Л-лашйындай биік самғайық
  4. Әлібек: А-ақылды азамат болайық
  5. Мейрамбек: Ш- шыншыл болайық
  6. Мадияр: А-айбынды болайық
  7. Азамат: Р- рахат өмір сүрейік.

 

Ендігі мың бұралған оқушылрымыздың тамаша биі:                                                  .

 

Оқушылар хормен:      Мектеп – қамқор анамыз

Оқып, білім аламыз

Үлгілі болып өсетін,

Біз – оқушы боламыз.

«Кім зейінді?» ойыны

Балаларға әр түрлі суреттер, ойыншықтар көрсетіледі.

Егер сол суреттің басындағы дыбыс дауысты болса, сендер қызыл текшені, дауыссыз болса , көк текшені көтересіңдер.

«Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл» дей келе келесі кезекті 3 тілде тақпақтарға береміз:

  1. Қайсар: Казакстан из май контри

Казакстан из май лэнд

Ай лаф хиэ  уиз  май фрэндс

Казакстан из май лэнд

 

  1. Нұржан: Төн лефт, төн райт

Олвейс лаф, нэве файт

Кам өли донт би лейт

Трай ту би гуд, донт хейт.

  1. Несібелі:

 

 

 

  1. Ерлан:

 

 

 

 

 

«Математикалық жұмбақтар» .
1. Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңды қалады? (Екі – два -two) 
2. Табақта тұр бес өрік
Қандай тәтті жесе өрік
Бесеуінде жеп қойсам
Қалады сонда неше өрік? ( Нөл – ноль – zero)
3.
 Көлден ұшты 4 қаз
Қайтып келді 2 қаз.
Ұшып кетті нешеуі? (Екі – два – two)

Бір – бірімен жарысқан

4 аю, бір арыстан

2 қой мен 1 түлкі

Бәрі нешеу кім білді    Сегіз – восемь –eight)

 

Хормен ән                                                           .

«Балалар өлеңі — Қошаканым қайда екен»

 

Жазда апамның аулына

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шыға келді, жүгіріп.

 

Ақ маңдайлы ай ма екен,

Шекер ме екен бал ма екен?

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?

 

 

  • Кел, көрейік ертегі,
  • Естіген жанды елтеді
  • Талай ғажап оқиға,
  • Қызық сырын шертеді.

Мұғалім сөзі: «Үйшік» ертегісі

  1. Тышқан- Арай
  2. Қоян – Сымбат
  3. Түлкі – Нұрас
  4. Аю- Аман
  5. Қасқыр- Айбол

Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.

Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?

– Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?

– Мен бақылдауық бақамын. – Кел, бірге тұрайық.

Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.

Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

– Мен тықырлауық тышқанмын!

– Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?

– Мен қорқақ қоянмын!

– Кел, бірге тұрайық.

Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.

Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

– Мен тықырлауық тышқанмын!

– Мен бақылдауық бақамын.

– Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?

– Мен қу түлкімін!

– Кел, бірге тұрайық.

Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.

Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.

– Мен тықырлауық тышқанмын!

– Мен бақылдауық бақамын.

– Мен қорқақ қоянмын!

– Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің? – Мен сұр қасқырмын!

– Кел, бірге тұрайық.

Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.

Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:

– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп ақырады.

– Мен тықырлауық тышқанмын!

– Мен бақылдауық бақамын.

– Мен қорқақ қоянмын!

– Мен қу түлкімін!

– Ал мен болсам, сұр қасқырмын!

Ал сен кімсің?

– Мен қорбаңбай аюмын!

– Кел, бірге тұрайық.

Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:

– Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, – дейді.

– Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой, – деп шырылдайды іштегілер. – Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.

Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр  – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.

Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді.  Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алыпты.

 

 

Ән: «Үйретеді, үйретеді».
Әліппені жаттауға,
Дәптерлерді қаптауға,
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.
Достарымды санауға,
Денсаулықты сақтауға,
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.
Қосуменен алуды,
Белгісізді табуға,
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.
Әндер айта білуге,
Ойнап мені күлуге,
Үйретеді, үйретеді, үйретеді.

 

Есік қағылып Бестік кіреді.

 

Бестік:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен бестікпін. Мен жақсы оқитын балалармен дос боламын. Мені мектепке өте жақсы көреді.  Сендер менімен дос болғыларың келе ме? Қане, бір ойын ойнап жіберейікші.

 

Ойын: Жалғасын тап:

 

  1. Оқусыз білім жоқ,

……………………………….. (Білімсіз күнің жоқ)

 

  1. Ақыл азбайды

………………………………….. (Білім тозбайды)

 

  1. Еңбек етсең ерінбей,

…………………………………… (Тояды қарның тіленбей)

Асылбек:    Мектеп- үлкен бағдаршам,

Ұстаз- шырақ ұстаушы.

Екеуі де аңғарсақ.

Бағыт жолын ұстаушы.

 

Ақбөбек:     Ел сенімін ақтайды деп,

Деп ұстазым мақтайды.

Ұстазымның әр сөзін.

Көкейіме сақтаймын.

 

Өмірзақ:           Ұстазымды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын.

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын!

 

Іңкәр:       Мектеп – білім ордасы,

Мектеп – қамқор анашым

Оқып білім аламын

Өнерпаз болып өсетін,

Мен оқушы боламын

 

Берекет:        Кешегі сәби балаңыз

Жарады міне қараңыз,

Ғылым, білім жолында

Оқып біліп аламыз.

Бестік: Рахмет балалар! Сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен сендерді мектепте күтемін.

Сау болыңдар.

 

 

Мұғалім:   Біз  енді әріптерді меңгеріп, оқып, жаза аламыз, сонымен қатар санау да білеміз. Енді осы қалпымыздан танбау үшін ата-аналарымыздың алдында  «Ант қабылдау» рәсімін өткіземіз:
АНТ ҚАБЫЛДАУ:
1. Отанымды сүюге, мақтаныш етуге,
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
3. Білімге ұмтылуға;

4.Мектеп ережесін сақтауға,

5.Үлкенді құрметтеуге,  кішіге қамқор болуға,

6.Ата-ананы қадірлеуге;
7.Табиғатты аялауға;
8. Салауатты өмір салтын ұстануға;

Барлығы хормен:        Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз.
Мұғалім:   Міне, бәріміз оқи білеміз, жазамыз. Алға қарай да жаксы оқимыз.

Ендігі кезекте  Сынақ атты ата-аналармен ойын. Аяқталмаған мақал-мәтелдерді аяқтау. Өз кезектеріңіз бойынша келіп, мына жердегі конверттердің біреуін алып, ішіндегі қағазға жазылған аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтайсыздар.

  1. Ата – асқар тау,

Ана – (бауырындағы бұлақ)

Бала – (жағасындағы құрақ)

  1. Ұлың өссе,

Ұлы (үлгілімен ауылдас бол)

Қызың өссе,

Қыз (үлгілімен ауылдас бол)

  1. Бала жас шыбық сияқты (қалай исең солай иіледі)
  2. Бала жақсы болса – (қуаныш, жаман болса – қиналыс)
  3. Ерлі – зайыптылар тату болса (үйге береке, араз болса, елге келеке)
  4. Анасы қандай болса – (баласы сондай)
  5. Әкеге қарап ұл (өсер, шешеге қарап қыз өсер)

ІІ сынақ – балаларына қойылған аттарын (есімдерін) қорғау.    Кім қойды, себебі, кімнің және ненің құрметіне деген сияқты. Егжей – тегжейін ашып айтып, жақсы түсініктеме берсеңіщдер, соғұрлым сарапшылардың ұпайлары жоғары болатынын естеріңіщден шығармаңыздар. Адамға ат қойылудың да өзіндік бір тарихы болады.

 

Хормен:    Ұстаз ана әні.

Қорытынды:  Осымен 1 «М» сынып оқушыларының «Тілашар атты ертеңгілігі аяқталды.   Ата-аналарға сөз беру, оқушыларды құттықтауы.

Join The Discussion