Бастауыш сынып
Атайбекова Бибигуль Мукановна, Тілді білгeн aдам ештеңеден ұтылмайды

Тілді білгeн aдам ештеңеден ұтылмайды

Мақала авторы: Атайбекова Бибигуль Мукановна
Жұмыс орны: Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ғ.Садвакасов атындағы Үлкен Ақсу орта мектебі
Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 28.01.2018


Тілді білгeн aдам ештеңеден ұтылмайды

Тәуелсіз Қазақстанның саяси және экономикалық даму үрдістерінің қарқындап  дамығанын  әлем мойындап отыр.  Елбасының қазіргі таңдағы басты міндеттердің бірі  рухани жаңғырудың бағдарламасын ұсынуы уақыт талабы болып отырғанын жақсы білеміз.

Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі өте зор.Өйткені білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет ененін біз өте жақсы білеміз.  Біз өзіміздің  ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып  әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бiрнeшe тілді білгeн aдам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болaм десең, бесігіңді түзе» дeйді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жeрi мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуіміз  керек . Ең бaстысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп,  үш тілдік  білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізу мектебімізде  жұмыстар атқарылуда.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің басты міндетіміз деп білеміз.

Атайбекова Б.М.

Join The Discussion