Физика
Ақылбекова Дина Нұрланқызы, Жарық көздері. Күн-жұлдыз

Жарық көздері. Күн-жұлдыз

Мақала авторы: Ақылбекова Дина Нұрланқызы
Жұмыс орны: №4 орта мектебі Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
Лауазымы: Физика пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 27.03.2016


ПӘНІ Физика
КЛАСЫ 8
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ Жарық көздері. Күн-жұлдыз
САБАҚТЫҢ  МАҚСАТЫ

 

Ø   Оқушылар адамға қажет және пайдалы құбылыс – жарық құбылысы туралы білімдерін қалыптастыру.  Жарық көздерінің түрлерінің қасиеттерін ажыратуға және күнделікті өмірмен байланыстыра  білуге үйрету

. Ең жарық жұлдыз –Күнмен, Күн атмосферасымен таныстыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

 

·        Күнделікті өмірдегі жарық құбылысымен жақын танысады

·        Жұппен қарым-қатынаста бір-бірінің ойын тыңдай білу, сөздік қоры дамиды

·        өздігінен ізденуге, өзін-өзі бағалауға баулу

ТҮЙІНДІ ИДЕЯ

 

Тақырыпты жан-жақты қарайды, ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан жеткізе біледі.
Сабақ кезеңдері / уақыты Сабақтағы іс-әрекет Бағалау Ресурстар
Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары)

10 мин

Қолайлы психологиялық ахуал тудыру,

Психологиялық жаттығу.   «Мен сізді таныстырғым келеді»

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу. Фигура сырларына  анықтама беру

 Топ ережесін құру

БҮҮ әдісі бойынша «Ассоциация»   Жарық  сөзіне

Үш шапалақ

 

Бармақпен бағалау

www.yandex.kz

түрлі-түсті фигуралар, постер

 

Жаңа материалдың таныстырылымы (оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуі үшін қолданылатын жұмыс түрлері)

15  мин

—          Жигсо  әдісі.

—          1. Әуелі өз топтарында талдайды

—          2. 1:1, 2:2, 3:3

—          3. Сосын басқа топпен бөліседі.

—          4. Презентация

Жетонмен

Қызыл түс-өте жақсы

Жасыл – жақсы

Көк түс -орташа

Сын тұрғысынан ойлау білім  үрдісінде(оқу әдістемелік құрал, 2012ж), жетондар
Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )

 

17 мин

—          «Білім қуған».  Есептер шығару

1. Қуаты 300 Вт электр үтігі 5 с-та қанша жұмыс атқарады?

2. Өткізгіштен 0,4 А тоқ өткенде, потенциалдар айырымы 8 В болды. Кедергі қаншаға тең?

3. Қыздыру шамы арқылы 1 с-та 0,4 А тоқ өтеді.Еркін зарядтың шамасы қаншаға тең?

Сергіту сәті: Дөңгелек тест (әр оқушы өз шеберлігін көрсетіп, суреттер салады)

 Сабақты бекіту.

— Адамның тіршілігі мен іс – әрекетінде жарықтың ролі қандай?

—  Вакуумде жарық қандай жылдамдықпен     таралады?(с= 300 000 км/с)

  — Табиғаттағы мүмкін болатын ең  үлкен жылдамдық   қайда? (вакуумде)

 — Жарық көздері неше топқа бөлінеді? ( екі, дербес жарық көздері,   

     шағылған    жарық  көздері)

 — Жарық қоңыздары, теледидар экраны,  тамырдың шірінділері, судың

     терең қабатында жүзетін балықтар, т.б.    сиретілген газ қай жарық 

     көзіне  жатады? (плазмалық)

 — Жарықтың энергия берілудің бір түрі – сәулеленумен қандай байланысы  

     бар?

  — Ауада жылдамдық қандай болады?

               

  «Венн диаграммасы» Жарықтың пайдасы мен зияны

 

Бірін-бірі бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетонмен

Қызыл түс-өте жақсы

Жасыл – жақсы

Көк түс -орташа

Есептер жинағы
Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану) 3 мин  

Не білдім?  «Ассоциация»   «Жарық»  толықтыру

Үш шапалақ

Өзін –өзі бағалау

Join The Discussion